Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4123 0 пікір 3 Тамыз, 2016 сағат 16:56

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАНДАЙ АВТОКӨЛІКТЕРДІ ТАҢДАЙДЫ?

2016 жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша отандық автоөндірістегі  cатылымдар кезінде көш басына шыққан модельдер: Lada 4x4, SkodaRapid және KIA Sportage. Жартыжылдық қорытындылары бойынша автоөнеркәсіптің ҚР ЖІӨ-не қосқан үлесі (36,6 млрд теңге) жеңіл, фармацевтикалық, ағаш өңдеу, мата, жиһаз өнеркәсіптері мен бірқатар өзге де салалар көрсеткіштерінен асып түскен.   

2016 жылғы маусымда ҚР жеңіл автокөліктер өндірісі 37%-ға артқан (2015 жылғы қорытындылармен салыстырғанда). 

2016 жылғы 6 ай ішіндегі қорытынды бойынша ҚР жүк автокөліктерін шығару 16,6%-ға артқан. 

Жергілікті жерде құрастырылған жеңіл автокөліктер үлесі 17,3%-дан 22,5%-ға артқан. 

Елімізде құрастырылған жеңіл автокөліктердің TOP-5 бренді: Kia, Lada, Hyundai, Skoda және Peugeot. 

Сатылымдар бойынша көш басына шыққан модельдер: Lada 4x4, SkodaRapid және KIA Sportage. 

Қазақстандық авто өнеркәсібі кәсіпорындарының биылғы жылдың екінші маусымындағы қызметі салалық индикаторлардың қалпына келуімен ерекшеленді. 2016 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша республика аумағында жалпы құны 36,6 млрд теңгеге тең 3772 автокөлік бірлігі шығарылған (жүк көлігі мен автобус техникасын қосқанда). Егер 2016 жылғы қаңтар айында ел аумағында шығарылған автокөлік құралдарының көлемі 404 бірліктен аспаған болса, маусым айының қорытындысы бойынша көрсеткіш 1136 бірлікке жеткен. 

2016 жылғы маусым айындағы қорытындылар бойынша жеңіл автокөліктер сегментіндегі өндіріс өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда 37%-ға артып, 933 бірлікке жеткен. Бірінші жартыжылдықтағы жүк көліктерін шығару көрсеткіштері де 2015 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 16,6%-ға өсіп, 718 бірлікті құраған. 

Отандық автоиндустрия 2014-2015 жылдардағы валюта нарығындағы тұрақсыздық пен макроэкономиканың әлсіреуі салдарынан шығынға батқан салалардың біріне айналғаны белгілі. Алайда автоөнеркәсіптің бірнеше айлық құлдырауына қарамастан, оның соңғы 6 ай ішінде ЖІӨ құрылымына қосқан үлесі (36,6 млрд теңге) жеңіл өнеркәсіп (34,7 млрд тг), қағаз өнеркәсібі  (20,3 млрд тг), фармацевтика өнімдері өндірісі (18,7 млрд тг), электроника өндірісінен (17,2 млрд тг) қорытындыларынан айтарлықтай асып түскен, сонымен бірге жиһаз (12,2 млрд тг) және ағаш өңдеу (10,6 млрд тг) өнеркәсіптерінің осыған ұқсас көрсеткіштерінен 3 есеге дейін көп болған. 

Еске салсақ, 2015-2016 жылдары өндірістік көрсеткіштердің азаюының басты факторы жаңа автомобильдер нарығындағы белсенділіктің күрт төмендеуі болған еді. Мысалы, жыл басынан бері 6 ай ішінде ресми дилерлер 20,8 мың жеңіл автокөлікті сатқан, ал былтырғы жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 52 мың болған болатын (60%-ға төмендеген). 

Дегенмен, нарықтың құлдырауы жеделдей түссе де, отандық автоөндірушілер өз ұстанымын нығайта алды. Жартыжылдық қорытындысы бойынша жергілікті құрастырылымдағы жеңіл автокөліктер үлесі 22,5%-ға тең болған, 2015 жылғы осы мерзім ішінде ол 17,3% болған. Отандық автозауыттар есептік кезеңде 4733 автокөлік бірлігін сатқан. 

Елде жасалған жеңіл автокөліктер ішіндегі 2016 жылғы бес үздік автокөлік ретінде Kia (895 бірл.), Lada (812 бірл.), Hyundai (656 бірл.), Skoda (515 бірл.) және Peugeot (304 ед.) брендтері танылды. Сондай-ақ, қазақстандық сатып алушылар елде құрастырылған Jac (291 бірл.), Geely (288 бірл.), Chevrolet (239 бірл.), Toyota (206 бірл.), SsangYong (84 бірл.) және Iveco (66 бірл.) секілді маркаларды таңдаған. 

Қазақстанда шығарылған анағұрлым танымал автокөліктер модельдері қатарындағы көшбасшы  әлі де Lada 4x4 (812 бірл.) еншісінде болып отыр. Ең танымал үштікке SkodaRapid (390 бірл.) пен KiaSportage (363 бірл.) де енді. Қорытынды бойынша сұранысқа ие болған модельдер қатарында, сонымен бірге, HyundaiElantra (326 бірл.), Peugeot 301 (233 бірл.), ToyotaFortuner (206 бірл.), Jac S3 (198 бірл.), ChevroletAveo (163 бірл.), Hyundai i30 (146 бірл.)  және KiaRio HB (137 бірл.) бар. 

Отандық кәсіпорындар жүзеге асырып отырған үнемді модельдер сегментін кеңейту арқылы 2016 жылдың екінші жартыжылдығында қазақстандық автоөндіріс көрсеткіштерін қалпына келтіру бұдан ары да мүмкін болмақ. Мысалы, 22 маусымда «АЗИЯ АВТО» Өскемен автоқұрастыру зауытының модельдік қатарлары LadaGranta, LadaKalina және Lada 2131 автокөліктерімен толыққан. Биылға жылдың екінші жартыжылдығында кәсіпорын қуаттылығы тағы төрт қолжетімді модельмен толығады делінуде. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2387
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661