Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 3528 0 пікір 4 Тамыз, 2016 сағат 10:20

Кентауда келелі істердің күрмеуі шешілуде

Роллердромның лентасы қиылды

Кентау қаласында жастарға ролик тебетін алаң пайдалануға берілді. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Кентау қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жалпы аумағы мен сыйымдылығы 50-60 адамды қамтитын ойын алаңының иесі Кентау қаласының тұрғыны, жас кәсіпкер Айжан Ботабекова екен. Қазіргі таңда мұнда уақытша жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша (келісімшарт бойынша) төрт адам жұмыспен қамтылып отыр.

Қала әкімінің ресми ресурсының хабарлауынша, жастарға арналған ойын алаңының лентасын қала әкімінің орынбасары Р.Мыңбаев кесіп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Айта кетейік, жас кәсіпкер 2016 жылы сәуір айында қала әкімдігінің қолдауымен орталық саябақтан ролик тебу алаңын салуға жалға жер телімін алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуді бастап кеткен-тін. Сонымен қатар, 100 дана роликті тапсырыспен алдырып, ойын алаңында пайдалануда.

Айта кетейікғ алдағы уақытта жас кәсіпкер алаңды жауын өтпейтіндей етіп жауып, жыл бойы жастарға ролик тебуге мүмкіншілік беретін орталық етпек.

Кентауда келелі істердің күрмеуі шешілуде

Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев тұрғындармен тікелей жүздесіп, арыз-шағымдарына көңіл бөліп, шешімін тарқатып келе жатыр.

Осы уақыт аралығында қала басшысы қалаға қарасты ауылдар мен бірнеше шағын аудандардың тұрғындарымен кездесіп, мәселелеріне құлақ түрді.

Сондай-ақ бұл кездесулерге әр сала басшылары да қатысып, көтерілген жайттардың шешімі сол мезетте шешіліп отырады.

Жуырда қала әкімі қаладағы Ясауи, Төле би көшелерін аралап, халықпен кездесті. Онда тұрғындардың толғандырған мәселелері тыңдалып, шешу жолдары талқыланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2384
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661