Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Деп жатыр 2664 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 12:29

Шымкентте әртістер қан тапсырды

Бүгін әртістер қан тапсырды. Облыстық қан құю орталығы мен «Қызыл ай» қоғамдық қорының өңірдегі филиалы әзіл-сықақ және сатира театрында «Қан өткізіп, донор бол» бірлескен акциясын ұйымдастырды. Белсенділік танытқан әзілкештердің арасында республикалық сахналарда өнер көрсетіп жүрген саңлақтар да бар. Бұл туралы «Abai.kz» порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Нұржан Құлшынбаев үнемі гострольдік сапарда жүреді. Алыс-жақын шет мемлекеттерге де жиі шығады. Қарбалас жұмыс денсаулыққа көңіл беруге мұрша бермейді дейді ол.

Дегенмен, орайлы сәтті оңтайлы пайдаланған өнер адамы бүгін акцияға ең алғаш болып келді. Тиісті сараптамалардан өтіп, өмірінде бірінші рет қан тапсырып донор атанды. Күн ұзаққа созылған шарада 20 шақты донор 8 литрге жуық қан тапсырды.

Ұйымдастырушылар халық денсаулығы үшін маңызды ақция қан тапшылығының алдын алып, хал үстінде жатқан науқастарды аман алып қалуға себеп болады дейді. Алайда «Қызыл Ай» қоғамының мүшелерін халықтың қан тапсыруға келгенде енжарлығы қынжылтады.

Сарапшылар бүгінде елімізде мың адамға 15 донордан келетінін айтады. Бұл дамыған елдердегі көрсеткішпен салыстырған 3 есеге төмен.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2156
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2562
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2421
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1664