Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 4213 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 15:03

ХЕМИНГУЭЙ ҺӘМ АНАСЫ

..Өз анасымен өмір бойы «жауласып» өткен Хемингуэй ең алдымен өзінің талантты екенін, қабілетті екенін, қолынан көп нәрсе келетінін өктем, тым тәкаппар, ешкімнің пікірімен санаспайтын, әкесін билеп-төстеп алған анасына дәлелдегісі келді.

Музыкаға қызығушылығы мен бейімі жоқтығы үшін қаншама ауыр сөз естіген, үнемі өзін басып отырған, «сенен ешкім шықпайды» деп әжуалаған ол анасына ренішті еді. Әкесінің өз өзін атуына да ол анасы Грейсті кінәлайтын. «Әкемді өз өзін өлтіруге итермелеген сол...». Өзімшіл, анасы секілді тым тәкаппар Хем алғашқы мақалалары мен әңгімелері жарияланып жатқанда да «Грейс оқыды-ау, Грейс ақыры мені мойындады-ау» деп масайрады.

Бұл үшін Хемингуэйге ренжуге болмайды. Себебі, табиғатынан тым зерек, талантты баласын тек өз айтқанымен жүргізіп, «бір шеңберге» салғысы келген өктем, ашуланшақ, ұрысқақ Грейс баласының жүйкесін қаншалықты ауыртқанын, ауыр сөздерімен жүрегін қалай жаралағанын пайымдап та жатпады. Хемингуэй кейбір қыздардың бойынан анасының мінезімен ұқсастық көрсе, олардан аулақ жүрді. Ол өзі ұнатқан әйелдің бойынан анасына ұқсастық таппағанда қатты қуанды. Ол төрт рет үйленді. Кім біледі, мұнда да бала кезінде Хемнің психологиясына кері әсер еткен анасының кінәсі бар болар... Хемингуэй де әкесі секілді өзін өзі атып өлтірді... 

P.S. Ол әлемге әйгілі жазушы болғанда да бала кезінде өзі ешқашан сезінбеген ана құшағын сағынумен болды. Анасына еркелей алмаған, анасы еркелетпеген әрбір бала есейгенде өз балалығын іздеумен болады...

Аягүл Мантаева

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір