Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Деп жатыр 4636 1 пікір 16 Тамыз, 2016 сағат 14:24

Келер жылы Шәмші әндерінің байқауы Теріскейде өтеді

Күні кеше ұлы композитор Шəмші Қалдаяқовтың туған күніне орай өткен "Менің Қазақстаным" əн байқауы болды. Шәмші аруағын асқақтатқан өнер фестивалі бұл жолы Отырарда өтті. Әншілердің өнерін тамашалаған облыс әкімі Б. Атамқұлов ән байқауын келер жылы Созақ ауданында өткізуді ұсынды. Сондай-ақ,  Астана қаласы мен Отырар ауданында Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш орнату жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл туралы Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі жазады.

"Қазақ вальсінің королі" атанған Шәмші Қалдаяқов әулиелі Созақ өңірінің де бөтен емес. Анасы Сақыпжамал, Шәді төренің туған қарындасы. Шәді төре алты алашты билеген Абылай ханның тікелей ұрпағы. Демек, Шәмші Қалдаяқов Созаққа оның ішінде, төре руына жиен. Шәді төре «Сияр Шариф», «Хазіреті Мұса мен Перғауын», «Төрт дәруіш» сынды талай діни өлең-дастандары, қиссалардың авторы.

Қазақ даласын әнімен тербеген Шәмші Қалдаяқов Созақ өңірінде болған сапарында Сабырхан Асановтың сөзіне жазылған «Теріскей» әнін шығарды. Құлақ құрышынды қандырып, туған жерге деген сүйіспеншілігіңді арттыратын «Теріскей» әні бүгінде әр қазақтың жүрегінен орын алды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2154
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2561
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2414
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1663