Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Деп жатыр 4003 0 пікір 19 Тамыз, 2016 сағат 14:17

МӘСКЕУ МҮФТИІ ИСЛАМДА ҚЫЗДАР ДА СҮНДЕТТЕЛЕТІНІН АЙТТЫ

Мәскеулік мүфти Альбир Қырғанов бірнеше жағдайда әйелдердің де сүндеттелетінін мәлімдеді. Оның сөзіне сүйенсек, бұл мәселеде әр адам өзі шешім қабылдайды. Бұл туралы «stan.kz» порталы жазады.

 «Ислам діні әйелдердің сүндеттелуіне толықтай тыйым салмаған, кей жағдайларда оған рұқсат етіледі. Бұл қадамға бармас бұрын әйел баласы саналы түрде өзі шешім қабылдайды», – деді Мәскеу және Орталық аймақтың мүфтиі, Ресей Федерациясының діни эстремизмге қарсы қоғамдық палатасы жұмыс тобының басшысы Альбир Қырғанов.

Бұдан бұрын «Заңды бастама» («Правовая инициатива») Дағыстанның шалғай аймақтарындағы кейбір елді-мекендерде жасөспірім қыздардың жыныс мүшесіне хирургиялық ота жасалғандығы жөнінде есеп құжатын жариялаған болатын.

Сәрсенбі күні РФ қоғамдық палатасы отбасыны, бала мен ананы қолдау бойынша комиссия төрағасы Диана Гурцкая РФ бас прокурры Ирий Чайкаға бұл ақпаратты тексеру жөнінде өтініш жолдады.

Ал мүфтидің айтуынша, қыз баласын сүндетке отырғызудың бірнеше түрі бар екен. Ол: «Ислам дініне дейінгі уақытта да қолданылған адамшошырлық түрлері де бар, ол кезде сүндеттеудің бұл түрін жаза ретінде қолданатын», – дейді. Осы орайда ол, «фараондық сүндеттеуді» мысалға келтірді. Ол кезде адамның сыртқы әлемге көрініп тұратын жыныстық белгілері алынып тасталады екен.

«Жалпы мұндай әрекеттерге ислам қатаң түрде тыйым салады. Алла жаратқан денеңді өзгертуге мұқтаждық болмаса, оған тиісуге болмайды. Меніңше, мұндай қадамға баруға әйелдің өзі, ал егер қыз бала болса, оның ата-анасы шешім қабылдауы тиіс», –деді мүфти.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2154
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2562
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2418
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1664