Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 5709 0 пікір 23 Тамыз, 2016 сағат 13:30

ҚАРА ОРАМАЛДЫ ТАҚПАҢЫЗШЫ...

Орамал тағуға қарсы емеспін. "Мұсылман болдым мінекей" дегендей қап-қараны жамылып алып... Есікті ашып қалғанда беті-басын қап-қара матамен тұмшалаған көрші әйел алдымнан шыға келгенде жүрегім зырқ ете қалады, жылтыраған көзі бар, оған да шүкір.

Бойы менен де ұзын әйел (әйел шығар енді, тұрпатына қарап еркек пе деп қалам) төбесінен тобығына дейін қара қоңыр матаны жауып алып, коляска сүйреп алдымнан шықса, мүлде есімнен тана жаздаймын. Көз де жоқ қой, көрінген.

Қазақта қара орамалды қайғы-қазада ғана таққан. Өтініш, көшеде қара орамал тақпаңыздаршы. "Орамал - әйелдің көркі" десек, әп-әдемі, ашық түсті, гүлдісін тағыңыздаршы. Қап-қараны тағып алып, айдың-күннің аманында жамандық шақырасыздар.

Қарлыға Телман

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір