Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2728 0 пікір 23 Тамыз, 2010 сағат 06:47

Астанада Қазақстан халқының тілдер фестивалі ашылады

Астана. 23 тамыз. ҚазТАГ - Әрсен Бектасов. Дүйсенбі күні Астанада Қазақстан халқының VII қалалық тілдер фестивалі ашылады, деп мәлім етті елорданың тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразкүл Асанғазы.

«Биыл көптеген қалалықтар Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқуға немесе әндерін айтуға ниет танытты. Бұл қала тұрғындарының Абайды түпнұсқада көбірек оқитынын көрсетеді», - деді О. Асанғазы дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Фестиваль шеңберінде тамыздың 23-і мен қырқүйектің 23-і аралығында түрлі шаралар жоспарланған, соның ішінде 20-21 қырқүйекте жергілікті емес ұлттардың жастарының қатысуымен «Тiлi бiрдiң - тiлегi бiр» республикалық форумы өтеді.

24 қырқүйекте өз жұмысын бастайтын Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайының делегаттары үшін сол күні «Этнографиялық ауыл» этнографиялық кешені ашылады.

Биыл тілдер фестивалі (1998 жылдан бері өткізіліп келеді - ҚазТАГ) Абай Құнанбаевтың 165 жылдығына орайластырылып отыр. Ресми рәсім дүйсенбі күні кешке К. Бәйскейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636