Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4243 0 пікір 26 Тамыз, 2016 сағат 10:16

Наталья Уласик Қарағандыдағы тергеу абақтысында отыр

Жезқазған қаласында ұсталған азаматтық белсенді Наталья Уласик қазір Қарағандыдағы тергеу абақтысында отыр және оның Алматыға қашан жөнелтілетіндігі әзірге белгісіз, деп хабарлады Азаттыққа Қарағанды тергеу абақтысындағылар.

Бұған дейін оны психиатриялық сараптамадан өткізу үшін Алматыға жібергелі жатқаны туралы ақпарат Интернетте тараған болатын. Бұл туралы Уласиктің өзі жақтастарына абақтыдан телефон арқылы жеткізіп үлгерген.

Адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтистің әлеуметтік желілерде мәлімдеуінше, "совет заманындағыдай "жазалаушы психиатрия" қайтадан қолданыла бастады деуге толық негіз бар".

Әлеуметік желілерде билікті сынайтын жазбаларымен танымал Наталья Уласик 22 тамызда Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сотында тұтқынға алынды.

Абай-ақпарат

0 пікір