Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5260 0 пікір 27 Тамыз, 2016 сағат 00:00

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Алматы облысы, Талдықорған қаласында орналасқан І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында 2016 жылдың 25 тамызы күні Алматы облысы  білім беру қызметкерлерінің «Білімді ел – Мәңгілік ел» атты дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті.

Педагогикалық кеңеске облыс әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашов, басқарма басшылары, аудан әкімдері, білім беру мекемелерінің ұстаздары, директорлары, өңірлік дарынды балаларға арналған орталықтардың  басшылары мен өкілдері қатысты. Педагогикалық кеңес білім беру саласын қайта құру, білім мазмұнын жаңарту мәселелеріне арналады.

Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов «Біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі: құзыретті педагог – «Мәңгілік елдің» басты тұлғасы» атты баяндамасында: «Біздің алдымызда Елбасы бастаған, еліміз қолдаған асқаралы міндеттер тұр. Оның ең бастысы: Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын  жаңартудағы білім беру реформасын әрі қарай сапалы жүзеге асыру. Біз ғылыми-әдістемелік орталық ретінде  облыс мектептерінің ахуалына әлеуметтік зерттеу жүргізіп, рейтингін қалыптастыруға, әрбір мұғалімнің қызметтік құзыретін есепке алып, бақылау картасын жасап беруге даярмыз»,- деп айтып өтті.

Кеңес барысында мемлекеттік білім және ғылым саласын дамыту бағдарламасын іске асырудағы маңызды мәселелер талқыланып, білім сапасын арттыруға қатысты жаңа ұсыныстар әзірленеді.

Тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісінен кейін институт әдіскерлері секция жұмыстарында модератор болып, облыс педагогтарының біліктілігін шыңдауға өз үлестерін қосты.

Тамыз кеңесі аясында Алматы облысы Білім басқармасы және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы  бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мұрындық болуымен облыстың білім беру ұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

МҰХАММЕДЖАНОВ Азат Маратұлы,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог   қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бас маманы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 425
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 227
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 256
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 243