Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2822 0 пікір 21 Тамыз, 2010 сағат 08:20

Медведев ҰҚШҰ пәрмендірек әрі шапшаң ұйым болуы керек деп есептейді

Ереван. 20 тамыз. ҚазТАГ - Ресей президенті Дмитрий Медведев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) шапшаңырақ әрі пәрменді ұйым болуы тиіс деп есептейді. Ол жұма күні Ереванда өтіп жатқан ҰҚШҰ мүше мемлекет басшыларының бейресми кездесуінің бірінші күнгі отырысынан соңғы баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Бірқатар жағдайда ҰҚШҰ шапшаңырақ әрі тиімді әрекет етуі тиіс», - деп атап көрсетті ол.

Ресей басшысының мәліметтерінше, Еревандағы кездесуге қатысушылар «желтоқсанда біздің әрекетіміздің негізі боларлық ҰҚШҰ жарғылық құжаттарға өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстар дайындалады деп келісті».

«Бұдан да тиімдірек, құзыреті кеңейтілген институттар туындауы үшін», - деді Д. Медведев. 

ҰҚШҰ-ға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Армения мүше.

Бейресми саммит жұмысын 21-ші тамызда жалғастырады.

Бұрын хабарланғандай, кездесу барысында Қырғызстандағы жағдайды реттеу шаралары туралы мәселе, сондай-ақ ҰҚШҰ аясында дағдарыстық жағдайда әрекет етерлік тиімді жүйені қалыптастыру жөніндегі ұсыныс талқыланады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2530
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2250
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637