Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Құлақтың әңгімесі 4895 0 пікір 30 Тамыз, 2016 сағат 08:06

РЕСМИ ТАШКЕНТ ИСЛАМ КАРИМОВТЫҢ ҚАЙТЫС БОЛҒАНЫН РАСТАМАДЫ

Бірқатар ақпарат құралдары 79 жасқа қараған шағында Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Кәрімовтің дүниеден озғанын жазып жатыр.

БАҚ-тың жазуынша, И. Кәрімов Ташкент уақытымен сағат 15-16.00 аралығында көз жұмған. Алайда, бұл ақпаратты Өзбекстанның ресми органдары әлі растамағанын айта кеткен жөн. Бұған дейін өзбек билігі президенттің науқастанғанын хабарлаған.

Ал, оның қызы Лола Кәрімова-Тилляева әкесінің миына қан құйылып, жансақтау бөлімінде жатқаны туралы Фейсбук желісінде жазған болатын.

Бүгін ресми Ташкент Өзбекстан президентінің қайтыс болғанын жоққа шығарды. "Ислам Каримовтың денсаулығы бірқалыпты, қазір дәрігерлердің қатаң бақылауында екені" хабарланды.

Абай-ақпарат

0 пікір