Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3875 0 пікір 30 Тамыз, 2016 сағат 15:00

Бішкектегі Қытай елшілігінде жарылыс болды

Бішкектің оңтүстік бөлігінде – Қытай елшілігі аумағында жарылыс болды. Милициядағы дереккөз "Азаттық" радиосының тілішісіне жанкешті көлікпен елшілік қақпасына келіп соғылды, осыдан кейін жарылыс болды деп хабарлайды.

Ресми ақпарат бойынша, бір адам қаза тапқан және үш адам жараланған (Оның екеуі қырғыз азаматы). Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жарақат алғандар – 17 жастағы балалар. Олар онда бағбан болып жұмыс істейді екен.

Оқиға орнында оперативті қызмет жұмыс істеп жатыр. Жарылыстың жаңғырығынан көрші үйлердің терезесі сынған.

Жанкешті сол жерде қаза тапқан.

Қырғызстанның вице-премьер-министрі Жениш Разаков елде қауіпсіздік шаралары күшейеді деп мәлімдеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1230
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1129
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 867
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1009