Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2671 0 пікір 21 Тамыз, 2010 сағат 08:15

Медведев ҰҚШҰ елдері Қырғызстандағы жағдайдың тұрақтануына көмек көрсетуге дайын деп отыр

Ереван. 20 тамыз. ҚазТАГ - Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер  Қырғызстандағы жағдайдың тұрақтануына көмек көрсетуге дайын, деп Ресей президенті Ереванда жұма күнгі басталған саммиттің бірінші күнін қорытындылаған баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

«Мен ҰҚШҰ шоғырланған жұмыс тобы аясында да және ҰҚШҰ мемлекеттерінің әрқайсысының Қырғызстанмен екеуара бар қатынастары аясында да, біз ондағы жағдайдың тұрақтануына көмек көрсете аламыз деп үміттенемін», - деді ол. 

РФ президенті Қырғызстандағы жағдайға кездесуге қатысушылар елеулі назар аударғанын атап өтті. «Қырғызстан президенті Роза Отунбаева мен басқа да серіктестер қызықты мәліметтер келтіріп, біз Ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжаның осы тақырыптағы баяндамасын  тыңдадық», - деді Ресей басшысы.

«Біз Қырғызстанда не болғанын, одан қандай сабақ алу керектігін, бүгін біз Қырғызстанға немен көмек көрсете алатынымызды, және Қырғызстанда тиімді әрекет ете алатын мемлекет орнығуы үшін не істеу керектігін ашық талықладық. Мұнда проблемалар өте көп, бірақ біз бірлесе көмектесуге дайынбыз», - деді Д. Медведев. 

Кездесуде төрағалық еткен Армения президенті Серж Саргсян Мәскеуде өткен мұның алдындағы кездесуде ҰҚШҰ мемлекет басшыларының Қырғызстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме қабылданғанын, онда «республикадағы жағдайдың тез тұрақтануы мақсатында осы елге тез арада гуманитарлық және басқа да көмек көрсетуге дайын екендігі айтылғанын» еске салды.

«Бүгін біз осы шешімдердің орындалу барысын талқыладық, осы бағыттағы біздің алдағы қадамдар туралы пікір алмастық. Біз мамырдағы кездесуде қабылдаған шешімдерге нық беріктігімізді қуаттадық және Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін қажет шаралар жөнінде консультацияны жалғастыру туралы келістік», - деді С. Саргсян.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2231
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1632