Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2776 0 пікір 21 Тамыз, 2010 сағат 08:13

ҰҚШҰ мемлекет басшылары дағдарыстық әрекеттің тиімді тетіктерін қалыптастыру өте өзекті деп есептейді

Ереван. 21 тамыз. ҚазТАГ - Ұжамдық қауіпсіздік жөніндегі шарт Ұйымында (ҰҚШҰ) дағдарыстық әрекеттің тиімді тетіктері қалыптасуы тиіс. Мұны Ереванда өткен бейресми саммитте Ұйымға мүше мемлекеттердің президенттері қуаттады.

«Мемлекет басшылары ҰҚШҰ дағдарыстық әрекеттің тиімді тетіктерін қалыптастыру қажеттіті туралы айтты. Мәселе күрделі бірақ өте өзекті», - деді Армения президенті Серж Саргсян Ереванда жұма күнгі басталған саммиттің бірінші күнін қорытындылаған баспасөз мәслихатында.  

Армения президенті бұл тақырып ҰҚШҰ мемлекет басшыларымен «мамырда ойластырылғанын» еске салды. «Және біз бүгін мұның алдында болған талқылаулар қорытыныдысында хатшылық әзірлеген алғашқы ұсыныстармен таныстық. Осыған байланысты біздің өңірде қалыптасқан жағдайды ескере отырып, осы бағыттағы одан арғы қадамдарға деген біздің көзқарасымыз ұсынылды», - деді С. Саргсян. 

Ресей президенті Дмитрий Медведев «Қырғызстандағы оқиғалар сабағы біздің бәрімізді дағдарыстық әрекет жүйесінің тетіктерін тиімдірек ете түсуге итермелеп отыр деген ортақ пікірге әкелді», деп қосып айтты.

Оның айтуынша, Еревандағы кездесуге қатысушылар желтоқсанда Мәскеуде өтетін кезекті саммитіне ҰҚШҰ жарғылық құжаттарына өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстар дайындалды деп келісті.

«Бұдан да тиімдірек, құзыреті кеңейтілген институттар туындауы үшін», - деді Д. Медведев. 

«Әрине мұндай шешім, консенсуспен қабылдануы тиіс, бірақ дегенмен, барлығы да жекелеген жағдайда ұйым шапшаң әрі тез әрекет етуі тиіс деген ортақ пікірге келді. Біз ұзақ тарихы бар басқа ұйымдардың - НАТО, Еуроодақ, БҰҰ тәжірибесін  зерттеуіміз керек», - деді Д. Медведев.

Армения президентінің бағалауынша, Еревандағы мемлекет басшыларының бейресми саммиті барысында белгіленген жоспарларды іске асыру, ұйымды одан да сапалы жоғары деңгейге шығарады.

«Біз ҰҚШҰ аясында ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды одан ары тереңдету жөнінде нақты қадамдар белгіледік. Осы жоспарларды нақты іс жүзіне асыру біздің ұйымды сапалық тұрғыда жаңа, бұрынғыдан биік деңгейге көтеретініне сенімдімін. Бүгінгі кездесу біздің елдер мен өңірде және ҰҚШҰ жауапкершілігіндегі аумақта қауіпсіздік жүйесін одан ары дамыту үдерісінде маңызды қадам болып табылады», - деді мемлекет басшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624