Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4613 0 пікір 1 Қыркүйек, 2016 сағат 15:48

Уақытша үкімет мүшелері Атамбаевтан кешірім сұрауын талап етті

Уақытша үкімет мүшелері Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Тәуелсіздік Күні салтанатында сөйлеген сөзіне қатысты мәлімдеме жасады. Мәлімдеме 31 тамызда кешке таратылды.

2010 жылы маусымдағы референдумды өткізу барысында және уақытша кезеңнің президенті мемлекеттік қызметін енгізу кезінде "ешқандай көзбояушылық" болмаған, делінген үндеуде. Барлық мәселелер референдумға шығарылды, халық не үшін дауыс бергенін білді.

Уақытша үкімет мүшелері президент Атамбаевтың бұрынғы президент Роза Отунбаеваға қатысты дөрекі сынына ашулы екенін мәлімдеді. Олар Атамбаевтың билікке Отунбаеваның арқасында келгенін еске салды. Мәлімдеме авторларының айтуынша, президент Отунбаева 2010 жылы Жогорку Кенеш депутаттарын сайлауды және 2011 жылы президент сайлауын әділ өткізіп берді.

Уақытша үкімет мүшелерінің мәлімдеуінше, олар Роза Отунбаеваның ар-ожданын қорғайды және президент Атамбаевтан көпшілік алдында кешірім сұрауын талап етеді.

Бұған қоса, олар қоғамның бейбітшілігі үшін 2010 жылғы сәуірде қабылдағанған шешімнің жауапкершілігін мойындарына алатынын мәлімдеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1448
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1295
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1050
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1104