Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2913 0 пікір 20 Тамыз, 2010 сағат 09:05

Қазақстанда шетелдік құқықтық тәжірибені «зиян келтірме» қағидасын ұстана отырып, ақылмен енгізу қажет – КК басшысы

Астана. 20 тамыз. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Қазақстанда құқық қорғау жүйесін реформалау үшін шетелдік тәжірибені «зиян келтірме» қағидасын ұстана отырып, ақылмен енгізу қажет, деп есептейді ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов.

«Президент біздегі қылмыстық және азаматтық сот өндірістерін оңтайландыру, тергеу сапасына зиян келтірмей, істерді қарау мерзімін жеделдету бойынша шаралар қолдануды талап етті. Бұл үшін ол алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені зерттеп, енгізу керектігіне назар аударды. Мұндай тәжірибе зерттеліп жатыр, менің ойымша, біз оны өзімізде жүзеге асыруға толықтай дайынбыз, бірақ әрине мұны кейбіреулер ұсынатындай эклектикалық емес, ақылмен жасау керек», - деді И. Рогов жұма күні журналистерге президенттің құқық қорғау және сот жүйелерінің тиімділігін арттыру жөніндегі жарлығына қатысты пікір білдіре отырып.

Оның айтуынша, «батыстық тәжірибені енгізгенде батыстық тәжірибе деп нені айтып отырғанымызды біліп алуымыз керек». «Еуропа дегенде қайсысын айтып отырмыз, осы маңызды, өйткені ол жақта да түрлі құқықтық мектептер бар, әлде біз ағылшын-американ тәжірибесін айтып отырмыз ба», - деді КК төрағасы.

Ол қандай да бір тәжірибені енгізбес бұрын «оны іс жүзінде сынап көру қажет», деп есептейді.

И.Рогов жарлықтың міндетті тармақтарының бірі ретінде тиісті нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуді атады. «Яғни, президент бұл ұсыныстардың, құқықтық ережелердің қаншалықты деңгейде біздің жүйемізге келетініне ғылыми тұрғыдан қарап отыр. Ол бұл жерде медицинаға тін «зиян келтірме» қағидасын ұстанып отыр деп ойлаймын», - деді И. Рогов.

Сондай-ақ, оның пікірінше, «бас бостандығынан айыруды шартты жаза шараларымен немесе басқа шаралармен ауыстыруды» білдіретін «репрессияларды үнемдеу» қағидасын қатаң сақтау қажеттігіне назар аударылып отыр».

КК басшысы бұл бостандығы шектелгендерге қатысты бақылаудың түрлі құралдарын орнату тәжірибесі қолға алыну мүмкін деп есептейді.

«Мысалы, үйдегі қамау немесе сотталғанның тәртібі мен қозғалысын қалыпты бақылауға мүмкіндік беретін қашықтықтан басқарылатын білезіктердің көмегімен бостандықты шектеу сияқты шара қолданылады. Мұндайда оның ізін аңдып жүретін қаптаған учаскелік инспекторлардың қажеті де жоқ», - деді И. Рогов.

Од жарлыққа сәйкес ішкі істер министрлігінің жұмысын жетілдіруге, оны өзіне тән емес функциялардан босатуға бағытталған құрылымдық өзгерістер, басқа ережелер жүзеге асырылатынын еске салды.

«(Жарлықтың - ҚазТАГ) бөлімдерінің бірінде алдағы қылмыстық саясатты гуманизациялауға және либерализациялауға бағытталған маңызды баптар бар. Көптеген қылмыстарды бейқылмыстандыру, жай сөзбен айтқанда, оларды әкімшілік құқық бұзушылықтар қатарына ауыстыру арқылы қылмыс болып саналмайтындар санатына қосу ұсынылып отыр», - деді И.Рогов.

Бұрын хабарланғандай, сейсенбі күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР-да құқық қорғау қызметінің және сот жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды.

Мысалы, бас прокуратураға өңірлік үш көлік прокуратурасын біреуге біріктіруді қамтамасыз ету тапсырылды. ІІМ жанында көші-қон полициясы комитеті құрылатын болады, сондай-ақ, тергеу комитеті мен қылмыстық полиция комитеті біріктіріледі.

Одан басқа, Жоғарғы сотта сот әкімшілендіру комитеті жойылып, оның қызметінің бір бөлігі жаңадан құрылып жатқан сот қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаментке беріледі.

Құжатқа сәйкес, 2010 жылдың соңына дейін қолданыстағы заңнаманы 1984 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған БҰҰ-ның Азаптауларға, ар-намысты қорлайтын қатыгез iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенциясының талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған заң жобасы әзірленіп, парламент қарауына енгізілуге тиіс.

Сондай-ақ, қылмыстық жазалау және бұлтартпау шараларының балама түрлерін қолдану аясын кеңейтуді; құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және судьялардың қызмет бабын пайдалану арқылы қылмыс жасаса, мұны ауыр жағдай деп тануды; сот алдындағы сот бақылауын кеңейтуді; азаматтық-құқықтық дауларды сотқа дейін реттеу аясын кеңейтуді және оларды шешудің балама түрлерін кеңейтуді қарастыратын түзетулер әзірленуге тиіс.

Жарлыққа сәйкес, 2010 жылдың соңына дейін  құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша салалық және аймақтық бағдарламалар қабылданып, жергілікті атқарушы органдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі жауапкершілігін арттыру шаралары қолға алынып, оңтайландырылатын және қайта құрылатын мемлекеттік органдардың штаттық құрамын қайта қарастырылуға тиіс.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2105
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2210
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625