Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3464 1 пікір 5 Қыркүйек, 2016 сағат 10:08

Керри: «Қырғызстан – Орталық Азияда демократия лидері»

Бүгінде Қырғызстан – Орталық Азияда демократия лидері. Осылай деп АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаған сөзінде айтты деп жазады "Түркістан" апталығы.

Керри 25 жыл бұрын АҚШ Қырғызстанның тәуелсіздігін ең бірінші мойындаған елдердің бірі болды деп еске түсіріп, ширек ғасыр бойында бұл елмен достық және стратегиялық әріптес ретінде қарым-қатынасты жалғастырып келеді деді.

Оның айтуынша, Осы уақыт арасында американы Қырғызстан Республикасымен демократиялық ұстаным, плюрализмді құрметтеу және саяси, экономикалық мүмкіндікке сенім білдіру біріктіріп келеді.

«Тұрақты және гүлденіп дамып келе жатқан Қырғызстан барлық аймаққа үлгі бола алады. Құрама Штаттар Қырғыз елінің экономикалық және демократиялық дамуын қуаттайды, аймақтардағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдайтынын бағалайды және екі елдің игілігі үшін ынтымақтастықты дамытуды күтеміз», –деп атап өтті АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1471
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1331
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1081
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1126