Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Қоғам 6578 0 пікір 5 Қыркүйек, 2016 сағат 12:10

ҚАЗАҚСТАНДА СӘЛӘФИЗМ АҒЫМЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНБАҚ

(коллаж jasqazaq.kz сайтынан алынды)

Бұдан былай сәләфизм ағымына Қазақстан аумағында Заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы «Алматы арнасы» хабарлайды.

Құзырлы орындардың мәліметтеріне сүйесек, соңғы жылдары елімізде болған келеңсіз оқиғалардың - террорлық актілердің барлығы дерлік сәләфизм ағымымен байланысты екен.

Қазақстанның Дін істері комитетінің мәліметінше, 15 мыңнан астам қазақстандық аталған ағымның жетегінде жүрген көрінеді.

Ал еліміздің ең ірі мегаполисі саналатын Алматының өзінде 177 діни бірлестік пен 17 конфессия тіркелген. Сот шешімімен  20 діни бірлестікке үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған. Себебі бұл бірлестіктер экстримистік ұйымдар деп танылған. ҚР ҰҚҚ төрағасының айтуынша, жақын арада еліміздегі экстримизм мен терроризмге қарсы күрес күшейтілмек.

«ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің есебінше,  еліміздегі дәстүрлі емес сәләфизм ағымының жетегінде жүрген қазақстандықтардың ресми саны – 15 мың екен. Қазір экстримиз мен терроризмге қарсы күрес туралы Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде. Алдағы уақытта еліміздің азаматтарының қауіпсіздігін қорғаудың қосымша механизмдері енгізілетін болады. Осы күндері бұл мәселелер тиісті орындарда қарастырылуда»,-дейді ҚР Дін істері комитетінің Алматы қаласы бойынша ақпараттық-сараптамалық бөлімінің жетекшісі Нұрмұхамед Миманқожа.

Аталған Заңға қатысты қатаң шаралар қолдану керектігін Мемлекет басшысының өзі ҚР Парламенті қос палатасының кезекті сессиясында айтқан болатын. Елбасының ұсынысын дінтанушы мамандар да қолдап отыр.

«Менің ойымша бұл ағымға ҚР аумағында твйым салынуы керек. Сәләфизм ағымын ұстанушылар еліміздің заңдарын да,  мемлекеттің саяси бағдарламаларын да, халқымыздың дәстүр-салтын да мойындамайды. Өздерінің қалағандарын жасап жүре береді. Егер дәл қазір бұл ағымға тыйым салынбайтын болса, ол ертең еліміздің, қоғамымыздың дамуына айтарлықтай зиянын келтіретіні анық»,-дейді Алматы қаласындағы ҚМДБ-ның маманы Бауыржан Әлиұлы.

Дінтанушылардың айтуынша, 2010 жылдан бергі елімізде болған барлық террористік актілердің артында дәл соы сәләфизм ағымының өкілдері тұр. Тағы да бір сойқан орын алмай тұрғанда, нақты шаралар қолдануымыз керек.

Айта кетейік,  Өзбекстан мен Тәжікстанда аталған ағымға Заң шеңберінде тыйым салынған.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1468
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1329
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1079
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125