Жұма, 17 Мамыр 2024
Дабыл 4617 0 пікір 6 Қыркүйек, 2016 сағат 15:25

11 ҚЫРКҮЙЕК ОҚИҒАСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЙТАЛАНА ЖАЗДАДЫ

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті 18 тамызда Алматы облысында ұсталған төрт адам ұшақты айдап әкетіп, елдің қорғаныс министрлігі мен шекара қызметінің бөлімшелеріне, күш құрылымдағы шенеуніктерге және Қазақстанның мұсылмандары діни басқармасына шабуылдар жасамақ болған  деп мәлімдеді.

ҰҚК болжамы бойынша, күдіктілер Талдықорғанның әуежайына барлау жасап, азаматтық және әскери ұшақты айдап әкету мүмкіндігін зерттеп, 2011 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған терактіні қайталағылары келген. Олардың ішінде Қырғызстан азаматы да бар деп хабарланады.

Қарағанды облысында маусым айында ұсталған топқа байланысты олардың мақсаттары Балқаш қаласындағы әскери бөлімшеге шабуыл жасағылары келген деп мәлімдейді. Нақты ұсталғандардың саны толық айтылмады, тек біреуі өзін жарып қайтыс болған.

Жалпы ҰҚК мәліметі бойынша, жыл басынан бері радикалды ислам тобының сегіз адамы тұтқындалған. Ақтөбеде 5 маусымда қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасалып, сегіз адам қайтыс болған оқиғаға байланысты тергеу ісі аяқталғаны жарияланды. Бұл іс бойынша 30 адам сот алдында жауап береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2203
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624