Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2998 0 пікір 7 Қыркүйек, 2016 сағат 11:31

«Оңтүстік – достық мекені» кездесулер керуені жолға шықты

Бүгін Елбасының "100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында қазақстандық біртектілікті, қоғамдық келісім мен бірлікті жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында құрылған "Оңтүстік - достық мекені!" кездесулер керуені жолға шықты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен жолға шыққан жұмыс тобының алғашқы кездесулері Сарыағаш ауданында өтеді.

Ақпараттық-насихаттық топ 21 қыркүйекке дейін облысымыздың барлық аудан, қалаларында 60-тан астам кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

ЖЕРЛЕСІМІЗ ҚЫРҒЫЗСТАНДА ӨТКЕН АҚЫНДАР АЙТЫСЫНДА 1-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Көршілес Қырғызстан Республикасында көшпенділер ойындары өтіп жатқаны белгілі. Қыркүйек айының 3-нен бастап ұйымдастырылып жатқан шара аясында ел аралық ақындар айтысы өтіп, онда еліміздің атынан қатысқан сарыағаштық айтыскер Жарқынбек Наушабеков 1-орынды иеленді. 

Ойындардың негізгі мақсаты – әлемдегі көшпенді халық өркениетінің тарихи мәдени мұрасын жаңарту және сақтау болып табылады. 

Жарыстар Ыстықкөл жағасындағы Шолпан Ата қаласында өтті. Ойындарға Қазақстаннан спорттың 10-нан аса түрінен спортшылар қатысты. 

Стамбұлда төрт мемлекеттің – түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің қатысушылары (Қырғызстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия) спорт ведомстволарының басшылары ойындардың регламенттерінің нақты нұсқасын бекітіп, бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында Қырғызстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан спорттық командалары қатысты. 

Жалпы жарыстар бағдарламасына 26 ұлттық спорт түрі енгізілген.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2110
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2217
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625