Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3804 0 пікір 7 Қыркүйек, 2016 сағат 11:38

Созақта 1200 бас қаракөл қойы біріккен араб әмірліктеріне экспортталды

Созақта 1200 бас қаракөл қойы біріккен араб әмірліктеріне экспортталды. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында бүгiнгi таңда мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының бәрi еттi қой түрлерiн өсiрумен қарқынды түрде айналысуда. Ал сала мамандары көзін тапса, қаракөл шаруашылығынан келер табыстың көл-көсiр болатынын айтады.

Айта кетейік осы бағыттағы жұмыстарды жандандырған теріскейліктердің қаракөл мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыстары өз нәтижесін бере бастады. Бүгінде Созақ ауданында екі бірдей шаруашылық - «Құмкент» және «Қара құр» өндірістік кооперативі қаракөл қойын өсірумен айналысады. 

Сонымен қатар, биылғы жылдың тамыз айында «Қара құр» өндірістік кооперативі 1238 бас қаракөл тоқтысын Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортқа шығарып, тиімді бағада сатты. Шетелдіктердің қой алудағы талаптарынан толықтай шыққан кооператив жетекшісі жыл соңына дейін тағы да бірқатар қаракөл қойын шетелге сатуды жоспарлап отырғанын айтады.

Естеріңзде болса "Abai.kz" порталы Оңтүстік қазақстандық шаруалар қазақтың қаракөл қойын Саудияға экспорттайды деген ақпаратты хабарлаған болатынбыз. Ауылшаруашылығы секторындағы мал етін әм өнімдерін экспорттау облыстық бюджеттің қазанын толтырып, шаруалардың ісін ілгерілетері сөзсіз.

Дереккөзі. ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2118
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2231
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1632