Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2688 0 пікір 7 Қыркүйек, 2016 сағат 11:44

Ордабасыда мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлер жайы талқыланды

Ордабасы ауданында нысаналы мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жөнінде жұмысшы топ құрылып, алғашқы мәжілісін өткізді.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Дүйсембаевтың мәлімдеуінше, ауданда пайдаланылмаған жер көлемі 7236 гектарды құраған.

Аудан әкімі А.Мамытбеков бұл деректі статистика басқармасы мен кірістер басқармасының көрсеткіштерімен салыстыруды ұсынды. Сонымен қатар, бүгінге дейін ескерту жолданған, соған қарамастан жерді пайдаланбаған азаматтардың тізімін нақтылап, жерді мәжбүрлеп қайтару үшін құжаттарды сотқа жолдауды тапсырды.

Жиында Бөген ауылдық округінің әкімі Б.Шәмет өз аумағындағы қараусыз жатқан 295 гектар жердің егесін табу қиынға соғып жатқанын алға тартып, мекенжайын анықтай алмағандықтан ескерту де жолданбай отырғанын жеткізді.

Өз кезегінде, Алмасбек Кеңесбекұлы ауыл әкімдеріне халыққа қызмет көрсету орталығының көмегіне жүгініп, түгендеу жұмысын жүргізуді жүктеді.

Мұнан соң, отырыс барысында аудандық прокуратураның прокуроры С.Сапарымбетов 2015 жылы жолданған ескерту хаттарының нәтижесін шығаратын мерзімнің жеткенін тілге тиек етті.

Жиын соңында жұмысшы топ мүшелерімен аптасына бір рет жиын өткізіп, атқарылған шараларды саралап отыру келісілді.

Abai.kz  

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2115
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2527
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2226
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1629