Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4977 0 пікір 7 Қыркүйек, 2016 сағат 14:29

Шардара су қоймасы жағалауын туристік аймаққа айналдыру, қаладағы ескі әуежайды іске қосу облыс басшылығы мен аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында

Шардара су қоймасы жағалауын туристік аймаққа айналдыру, қаладағы ескі әуежайды іске қосу облыс басшылығы мен аудан әкімдігінің күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда екі мәселе бойынша да ауқымды жұмыстар жүріп жатыр.

Әуежайды іске қосу туралы. 

Аэропортқа қажетті жергілікті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету (су, кәріз, электр желілері және кіреберіс жол) және қоршау, ғимарат салу жұмыстары аудандық бюджеттен қаржыландырылады. Бүгінгі күнге кіреберіс жолды орта жөндеуге тиісті қаржылар бөлініп, мемлекеттік сатып алу шаралары жүргізілуде.

Шардара су қоймасы жағалауынан туризм аймағын ашу туралы.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің  2015 жылғы 26 қазандағы №339 қаулысымен арнайы комиссия құрылып, комиссия шешімімен Шардара су қоймасы жағалауынан жалпы алаңы 255,3 гектар орман қоры жер учаскесін елді мекендердің жер санатына ауыстыру жөнінде «жер телімін таңдау актісі мен келісім беру» хаттамасы рәсімделген.

Бүгінгі таңда ҚР АШМ-нің Орман қорындағы 255,3 га жерді Шардара ауданының елді мекендерінің жер санатына ауыстыру жөніндегі қаулы жобасы ҚР Үкіметінің қарауына енгізілген.

Жоба бойынша таңдалған аумақта демалыс – сауықтыру орындары, қонақ үйлер, кемпингтер, инвентарлармен жабдықталған су станциялары, ескекпен жүзу базасы, балықшылар мен аңшылар үйі, балалар лагерлері және тағы басқа спорттық сауықтыру объектілерін салу жоспарланып, қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

 Шардара су қоймасы мемлекеттік меншіктегі «Қазсушар» РМК-ның басқаруында және де ол жерлерде демалушылардың балық аулауларына ешқандай кедергілер жоқ. 

Шардара су қоймасы жағалауында сенбіліктер өткізіліп, жүйелі түрде қоқыстан тазартылуда.

Аудан әкімдігі тарапынан жоғарыда аталған жұмыстар қатаң бақылауға алынған.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2530
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2252
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637