Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4175 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 05:40

Көлсайды көзінің қарашығындай қорғайтын ұрпақ өсіп келеді

Көлсайда өткен көзайым шара
Жетісудың баға жетпес жер жәннаттарының бірі — Көлсай өңірінде, биылғы оку жылының аяқталар тұсында, 2007 жылдың ақпанынан бастап құрылған «Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, дәстүрлі «Саябақтар шеруі- 2009» табиғат қорғау акциясы өтті.
Саты ауылдық округіне қарасты Қарабұлақ, Күрметі, Алғабас, сондай-ақ Жалаңаш және Кіші Жалаңаш ауылдарының үлкен-кішісі жиналып, мерекелік шараның отын қыздыра түсті. «Көлсай көлдері» Ұлттық паркінің директоры Жамбыл Мұхитановтың құттықтау сөзінен кейін бар өнерлерін ортаға салған аталмыш ауылдардағы алты мектептің оқушылары табиғат — Анаға арналып ұйымдастырылған түрлі номинациялар бойынша өткен байқауда бақ сынасты. Мәселен, «Өлеңдер топтамасынан»: А.Түркебаев атындағы орта мектеп оқушысы Тұрыскелді Іңкәр Бас жүлдені жеңіп алса, шығарма жазуда С.Бейсембетұлы атындағы орта мектеп оқушысы Әріпбай Мадияр Бас жүлде алса, сурет салудан Бекмұханбет Сатыханов — І-ші орынды иемденді.
«Үздік қолөнер» номинациясынан сынға түскен Маманова Нәзік жеңімпаз атанса, «Үздік киім» номинациясында Айтақынова Н. алға шықты. Ал Маманова Нәзік «Таза су, таза бұлақ» номинациясының жеңімпазы атанды. 

Әсіресе, «Қазақстан — қызғалдақтар отаны» номинациясы бойынша, қызғалдақтардың суретімен көздің жауын алған Әшекеева Райхан мен Құрманбек Айсәуленің құрақ көрпесі мен «Құстар — біздің досымыз» номинациясына Айбек Әскербекұлы мен Айтжан Қырғызбай Сымбаттың торғайға жасаған ұялары көпшіліктің көңілінен шықты.
Әрине, бұл шараның өтуіне, балаларға тәлім-тәрбие беріп отырған ұстаздар қауымының еңбегі ерекше сіңгені анық.
Салтанатты кеш көркемөнерпаздардың шарықтата салған әндері мен мың бұралған билеріне жалғасты. Ал кеш соңында жеңімпаздар түрлі бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздармен марапатталды.
Енді бір сәт мектеп оқушылары мен жиналған жұртшылық табиғатты тамашалау үшін Көлсай көлдеріне қарай бет түзеді. Олар табиғат аясында отырып, «Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи парк Мемлекеттік мекемесі әзірлеген тағамнан дәм татты.
Туризмнің аяғын тұсап отырмыз 
Алматыдан шыққан асфальт жолдың Торайғыр тауын айнала қалталанып, біраз уақытыңды алатыны рас. Бұл орайда тілімізге оралып тұрған «төте жол салу» мәселесін айтпай-ақ тұра тұрған жөн сияқты. «Өйткені, мүйіз сұраймыз деп жүріп, құлағымыздан айырылғымыз келмейді» — дейді жергілікті тұрғындар. Оның орнына олар, Үкіметтің Көлсайға жетпіс шақырым жетпей желкесі үзілген асфальт жолды салып бергенін қалайды. Дегенмен, бұл істі атқаруға Үкімет құлық танытып отырғанымен, ана шара, мына шараларды өткізу сылтауының ақыры «дағдарыс» тығырығына келіп тірелген көрінеді. Бүгінде жолдың тасынан қашып, дөнгелегін дөңге салғандардың кесірінен, қасқа жолдың екі жағындағы аңызды алқап, андызға айналған.  Әрине, арман болған асфальт жол да салынар, бірақ қашан. Осы жол қатынасының қиындағы туристерді тобықтан теуіп, туризмның аяғын тұсап отырғаны анық. Әйтпесе, осы күні Көлсай кереметін кім білмейді дейсің?!
Ұлттық парк директоры Жамбыл Мұхитанов пен Саты селосының әкімі Әлібек Ибраимовтың және ауданның құрметті азаматы Әкітай Жұмаділов, Баянбай Сұлтанғазиев, Елшібек Үмбетәлиев, Әділхан Батанов, Серғазы Ысқақов сынды ауыл ақсақалдары мен азаматтарын, келешекте туризмді туған ауылдарымен байланыстыра дамыту жайы толғандырады екен. Қалай болғанда да, «аудан мен облыс басшыларының, сондай-ақ Үкімет басшылыраның құлағына өз атымнан алтын сырға!»  дегім келеді.

Автор Жанбақыт Борантаев
«Қазақстан-Заман» газеті 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір