Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2671 0 пікір 20 Тамыз, 2010 сағат 05:15

Ақтауда жаяу жүргінші қағып өлтірген жол полицейінің жазасы прокурордың қарсылығымен 2 жылдан 3 жылға дейін ұлғайтылды

Ақтау. 19 тамыз. ҚазТАГ - 2009-шы жылы 19-шы желтоқсанда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген Маңғыстау облысының ішкі істер департаментінің жол полициясының аға инспекторының жазасы прокурор келіспеушілігімен 2 жылдан 3 жылға дейін ұлғайтылды, делінген Маңғыстау облыстық прокуратура хабарында. 

«Маңғыстау облыстық сотының аппеляциялық коллегиясының шешімімен ЖКО-сына айыпты полицияның аға лейтенанты 3 жылға көлік басқару құқығынан, 3 жылға бас бостандығынан айрылып, сондай-ақ 3 жыл мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан айрылды. Аға лейтенант жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызменінен жол полицейі былтыр 19-шы желтоқсанда 23 сағат 20 минуттар шамасында LexusES-300 автокөлігімен аса қатты жылдамдықпен келе жатып жаяу жүргіншіні қағып кеткенін еске салады. Алған жарақаттан соңғысы қайтыс болды. Жүргізуші оқиға орнынан жасырынып үлгерді. Кейін анықталғандай, LexusES-300 аға лейтенантқа тиесілі емес, және техникалық жарамды күйінде болған. Бірақ ЖКО-ға айыптының аталған көлікті жүргізуге сенімхаты болмаған және оған мемлекеттік басқа номер тағып алған.

«Қараңғы түскен уақытта, қолайсыз ауа райы жағдайында қозғалу қауіптіліге қарамай аға лейтенант қажет сақтық шараларын қолданбаған, яғни көлікті тұрақты бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін қауіпсіз жылдамдықпен жүрмеген. Соның нәтижесінде ол жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетіп, өлтірді», - дейді қылмыстық процесстің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы А. Жанаев.

Ол алғашқы айыптау үкімі Ақтау қалалық сотымен 2010 жылы 16-шы маусымда шығарылғанын атап өтті. Жаза 2 жыл бас бостандығынан айыру мен 3 жылға көлікті басқару құқығынан айыру деп тағайындалды.

«Ақтау қалалық прокуратурасы аталған үкімге қатысты қылмыстық заңның дұрыс қолданылмағаны және қылмыстық заңмен қарастырылмаған қосымша жаза түрі қолданылғаны себепті аппеляциялық қарсылық білдірді. Маңғыстау облыстық соттың Аппеляциялық коллегиясымен соттың жоғарыдағы үкімі алынып тасталып жаңа айыптау үкімі шығарылды. Аппеляциялық қарсылық қанағаттандырылды», - деп түсіндірді А. Жанаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2107
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2520
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2214
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625