Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3855 0 пікір 19 Тамыз, 2010 сағат 09:04

Болат Райыс. Терминдерді түзейік!

Мемтерминкомның назарына!

 

Қазақ заң терминологиясы қалыптасып келе жатыр деп айтылып та жазылып та жүр. Дегенмен, кейбір терминдер орысшадан тікелей аударылып, қолданылып жүр, оған мысал ретінде «потенциальные поставщики» тіркесін айтуға болады.

Мемтерминкомның назарына!

 

Қазақ заң терминологиясы қалыптасып келе жатыр деп айтылып та жазылып та жүр. Дегенмен, кейбір терминдер орысшадан тікелей аударылып, қолданылып жүр, оған мысал ретінде «потенциальные поставщики» тіркесін айтуға болады.

Заңдар мен нормативтік құқықтық актілерде «потенциальные» сөзін бір мағынада ғана қолданған жайттарды көруге болады. «Потенциал - әлеует», алайда «потенциальные» деген сөз орыс тілінде ықтимал, болуы мүмкін деген мағынаны да беретінін ұмытпаған жөн. Мысалы, Мемлекеттік сатып алу туралы заңында  («Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303 Заңы) «потенциальные поставщики» тіркесі «әлеуетті өнім берушілер» деп аударылған. Бұл жердегі нақты мағына толық ашылмайды. Мұндағы «потенциальные» әлеуетті мағынасын емес, ықтимал, болуы мүмкін мағынасын береді, ал «поставщик» сөзі де дұрыс аударылмаған, мұнда ол жай ғана «өнім беруші» емес, жұмысты, өнімді, қызметті жабдықтаушы, жеткізуші ретінде айтылып отыр (Қалдыбай Бектаевтің қазақша-орысша сөздігінде (167-бет) жабдықтаушыны поставщик және снабженец деп берген), сондықтан «потенциальные» сөзінің бір мағынасын ғана емес, мүмкін деген мағынасын да қолданған жөн деп есептеймін. Ал «өнім беруші» тіркесін тікелей аударсақ «дающие продукцию» болады. Сондықтан, тіл жанашырларын осы тіркесті талқылап, мемтерминком алдында «потенциальные поставщики» сөз тіркесін «ықтимал жабдықтаушылар» деп өзгертуді ұсынамын.

p/s: Дәлелді уәждарыңыз болса талқылауға әзірміз... Және де осындай олқылықтар мен сәйкессіздіктер қазақша заңдар мен нормативтік құқықтық актілерде өріп жүр, солардың барлығын бірте-бірте болса да бір ізге, жөнге келтіруге ат салысайық.

 

Болат Райыс, «ҚР Заң шығару институтының» аударма бойынша бас сарапшысы

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2106
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2518
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2213
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625