Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3258 0 пікір 19 Тамыз, 2010 сағат 08:57

Мұхтар Мағауин жайлы деректі фильм түсіріліп жатыр

«Қазақфильм» киностудиясы қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар Мағауин өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильмді түсіру жұмыстарын бастап кеткен көрінеді. Қазақ руханият мен мәдениетін, әдебиеті мен тарихын соны өріске, жаңа биікке шығарған тұлғалардың арасында Мұхаңның орны ерекше екенін әр қазақ баласы білсе керек. Мағауин қаламынан туған тарихи һәм әдеби шығармалар қазақ рухының дамуына қызмет етті. Ете бермек.

Қазақстанда деректі фильм жанрының даму барысы баяу екені рас. Дегенменде, биыл жетпіске толған Мұхтар Мағауин туралы деректі фильм - ұлт қызметі жолындағы тұлғаларымыздың өмірі мен шығармашылығының, қоғамдық қызметінің қалтарысы мен бұлтарысын толық аша отырып, адами, тұлғалық бейнесін көрсететін деректі фильмдердің бұлақ басы болар деген үміт бар.

Мұхтар Мағауин жайлы деректі фильм  алдағы уақытта «Абай» порталының назарында болады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624