Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2985 0 пікір 19 Тамыз, 2010 сағат 07:11

Қырғызстанның экс-президенті Ақаев уақытша үкіметті сотқа бермейді

Бішкек. 19 тамыз. ҚазТАГ - Игорь Шестаков. Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев өзін қол сұқпайшылық мәртебесінен арнайы декретпен айырған уақытша үкіметпен соттасу ниеті жоқ, деп оның қызы Бермет Ақаева мәлім етті.

«Қазіргі билікпен соттасудың пайдасы жоқ. Қырғызстандағы сот билікке ешуақытта мұнша тәуелді болмаған. Қазір елде болып жатқанның барлығын заңсыз билікті екі рет басып алған үкіметтің жекелеген мүшелерінің мүддесі үшін жасалып жатқан құқықтық жүгенсіздік деп атауға болады», - дейді бұрынғы президенттің қызы.

Ол аталған декретті «күлкілі» деп атады.

«Ол құқықтық деңгейі өте төмен түрде жасалған. Бұл қағаз үкіметтің жекелеген мүшелерінің менің әкемнен қанды кек алғысы келетінін көрсетеді», - дейді Б. Ақаева. 

Оның айтуынша, «Ақаев Мәскеуде Қырғызстанның тергеу органдарының өкілдерімен кездесуге дайын болды, бірақ республиканың бас прокуратурасы ондай бастаманы қолдамады».

«Егер жаңа парламент қажет деп тапса, ол бірінші президенттің қол сұқпаушылық мәртебесіне қатысты мәселені қарай алады. Кез келген жағдайда бұл шешім заңдылық деңгейде қабылданады», - деді президенттің қызы. 

Ол алдағы парламенттік сайлауларда қатысу ниетінің жоқтығын жеткізді.

Бұрын хабарланғандай, А. Ақаевты қол сұқпаушылық мәртебесінен айыру туралы декретті Қырғызстан вице-премьері Әзімбек Бекназаров әзірлеп, оған ел президенті Роза Отунбаева 13-ші тамызда қол қойды.

А. Ақаев Қырғызстан президенті болып 1990 жылы қазанда сайланып, 2005 жылы наурызда революция салдарынан елді тастап шығып және қазір Мәскеуде тұрып жатыр. Бірінші президентке қол сұқпаушылық туралы заңды парламент 2005 жылы сәуір айында қабылдаған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2111
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2523
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2219
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1626