Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2734 0 пікір 19 Тамыз, 2010 сағат 07:09

Жамбыл облысында Алматы-Ташкент тас жолының бойындағы ОҚО-мен шекарада жол полициясының қосынын салмақшы

Тараз. 19 тамыз. ҚазТАГ - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мүдделі ведомостволарға Алматы-Ташкент тас жолының бойында Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасмында жол полициясы қосынын салу мәселесін қарастыруды тапсырды. Бұл тас жолда соңғы уақытта көптеген адам шығынына соқтырған үлкен ЖКО орын алды.

«Жол полициясы инспекторлары тұрақты түрде облыс аралық автобустарды тексеріп тұрулары тиіс. Автобустардың  техникалық жағдайы мен жүргізушілердің денсаулығына, шаршаған-шаршамағандығына, ауысым жүргізушінің бар-жоқтығына назар аударуы керек. Біз облысымызда орын алған автобустардың ЖКО-ларына бұдан былай жол бермеуіміз керек. Мәселе біздің азаматтардың өмірі туралы болып отыр», - деді ол сәрсенбі күні жол жүру қауіпсіздігіне арналып өткізген облыстық әкім аппаратының кеңесінде.

Облыстық ІІД жол полициясының басқарма бастығы Айдар Советтің мәліметтерінше, 2009-шы жылмен салыстырғанда өңірде барлық көрсеткіш бойынша ЖКО артып отыр. Оқиға саны 279-дан - 295-ке, ЖКО-лерде қаза болғандар саны 151-ден 185-ке, жарақат алғандар саны 298-ден 362-ге дейін өсті.

Жамбыл облысында 1-ші шілдеге ІІД ЖПБ мәліметтерінше 1 млн 48 мың 966 адам мекен еткен. Бұл ретте 132 мың 545 бірлік автокөлік, яғни сегіз адамға бір көліктен тіркелген.

Жол полицейлері  Жамбыл облысының қалалары мен ауылды жерлеріндегі жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жол қиылысын өтуде жол ережесін сақтамау, жүргізушімен жылдамдық шектеуін сақтамау деп отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2110
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2217
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625