Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2463 0 пікір 19 Тамыз, 2010 сағат 06:46

Алматы облысында полицей өліміне қатысы бар «Фокс» лақап атты ҰҚТ мүшесі бір жыл өткен соң қолға түсті

Алматы. 19 тамыз. ҚазТАГ - Құқыққорғау органдарынан бір жыл бойына жасрынып жүрген, «Айшуақ-Жантүгел» қылмыстық ортасында «Фокс» лақап атымен таныс қылмыскер Алматы облысында ұсталды. Ол Алматыда полицияны өлтіруге қатысы бар деп күдіктеледі. Бұл туралы агенттікке қалалық полция департаментінен хабарлады.

Ақпараттық мәліметте көрсетілгендей, «Фокс» былтырғы 27-ші мамырда «Айшуақ-Жантүгел» ҰҚТ мүшелерін ұстамақшы болғанда, Алматы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының опер өкілдігі, полиция лейтенанты Валерий Аваковты өлтірген банда мүшелерінің үшіншісі әрі соңғысы болды.

«Mercedes-ті айдап жүрген күдіктілер Жарокова мен Ходжанова көшелерінің қиылысында ұсталды. Арнайы операция барысында олар Валерийді қағып кетіп, жасырынып үлгерді. Бірнеше күннен соң біздің әріптесіміз ауруханадағы жансақтау бөлімінде қаза болды. Күдіктілердің екеуі бес ай өтукен соң ұсталды. Ал жақында біз сол қылмысмтық топтың тағы біреуін ұстадық», - деді ҰҚТ КБ бастық орынбасары полковник Бақыт Балғымбаев.

Б. Балғымбаевтың айтуынша, өз айыбын мойындап отырған 28 жасар фигурант осы уақытта Алматы облысындағы Қамысай ауданы Шолақ селосының, жолдан 100 шақырым шалғайда орналасқан шаруа қожалығында жасырынып жүрген.

Ведомстводағылар бұрын ұсталып, полицейді өлтіргені үшін сотталған екеу 12 және 13 жылға бас бостандығынан айрылып, колонияда жазасын өткеріп жатыр дейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2106
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2518
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2213
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625