Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2903 0 пікір 21 Қыркүйек, 2016 сағат 16:25

Еуроодақ Қырымдағы сайлауды мойындамды

Еуропалық одақ өткен жексенбіде Қырымда өткен Мемлекеттік думаға сайлауды мойындамайды. Өйткені Еуроодақ Украинаның егемендігі мен тұтастығын қолдайды. Осылай деп Еуропалық дипломатия өкілі Федерика Могерини мәлімдеді.

Бұл позицияны АҚШ мемлекеттік департаменті де қолдайды. Украина аннексияланған Қырымда Ресейдің Мемлекеттік думасына сайлауды айыптады. Заңсыз дауыс берудің нәтижесі Ресейдің төменгі палатасының заңды жұмыс істеуіне күмән келтіреді деп мәлімдеді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) Қырымға өздерінің бақылаушыларын жібермеді.

Қырым 2014 жылы Ресей тарапынан аннексияланды. Украина мен халықаралық қауымдастық Ресейдің Қырымды басып алуын мойындамайды.  Аталған одақ Қырымды Украина аумағының бір бөлшегі деп санайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2541
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2299
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646