Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3058 0 пікір 18 Тамыз, 2010 сағат 09:12

Шығыс Қазақстанда арнайы жасақ жауынгерлері шұбар берет кию құқығы үшін таласуда

Өскемен. 18 тамыз. ҚазТАГ - Өскемендегі әскери полигонда «Бүркіт» арнайы бөлімшелерінің жауынгерлері үшін шұбар берет пен «Бүркіт» төсбелгісі сияқты әскери ерекшелік белгілерін тағу құқығы үшін республикалық біліктілік сынағы басталды, деп хабарлайды Өскемен әскери гарнизонының баспасөз қызметі.

Бес күнге жалғасатын сынаққа республиканың 7 құрамасының (Астана, Алматы, Шымкент, Орал, Петропавл, Қарағанды, Өскемен) 64 жауынгері қатысып жатыр. Бұл сарбаздарға бірінші іріктеу кезеңінде суық қаруды лақтырып, байланысқа тез шығып, жеке физикалық дайындығын, әскери өнерді меңгеру деңгейін көрсету, интеллектуалдық даму тестілерінен өтіп, жалпы ой-өрісін көрсету ұсынылған. Сынақтың бір жарым тәулікке созылатын соңғы бөлігінде сарбаздарды десанттау, жорыққа шығу, таулы және сулы жерлерден өту, ор қазу, шабуылға тойтарыс беру, майдан шебінен өту, бір уақытта үш қарсыласпен ұрысқа шығу және тағы да басқа сынақтар күтіп тұр.

«Нормативтердің біреуінен болса да сүрінген үміткер сынақтан шығады. Шұбар береттер арнайы мақсаттағы жасақтың элитасы саналады. Өткен жылы 50 әлеуетті үміткердің 30-ы ғана емтиханға жіберілді. Оның 7-еуі ғана әскери айбын белгілеріне ие болды. Қазір Қазақстанда шұбар берет таққан 78 жауынгер бар», - дейді гарнизондағылар.

Әскерилердің айтуынша, мұндай сынаққа қатысатын кандидат атану үшін жедел әскери қызмет өтеу керек немесе жоғары әскери мектепті бітіріп, кем дегенде бір жыл арнайы мақсаттағы жасақта қызмет етіп, мұқият медициналық тексеруден өтіп, шұбар береттер кеңесінің қолдауын алу керек.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2104
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2209
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625