Сәрсенбі, 29 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3455 0 пікір 20 Мамыр, 2016 сағат 16:39

ТҮРКИЯНЫҢ ЖАҢА ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ЙЫЛДЫРЫМ БОЛУЫ МҮМКІН

Түркияның көлік, кеме қатынасы және байланыс министрі Бинали Йылдырым елдің билеуші Әділет және даму партиясының (ӘДП) атынан үкімет басшылығына жалғыз кандидат ретінде ұсынылады.

РИА Новости хабарлағандай, бұл жөнінде партияның баспасөз хатшысы Омер Челик 19 мамырда өткен партияның басқарушылар кеңесінің отырысынан кейін мәлімдеген.

Түркияда партияның лидері дәстүр бойынша елдің премьер-министрі болады.

"Бинали Йылдырымның кандидатурасын жексенбі күні болатын партияның съездінде қарайды", - деп мәлімдеді Челик.

Йылдырым 2002 жылы Әділет және даму партиясы атынан Түркия парламентіне сайланған, осыдан кейін 13 жыл бойында Түркияның көлік министрі болып келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2398
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2725
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 3129
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1795