Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3214 0 пікір 20 Мамыр, 2016 сағат 17:55

ЕҚЫҰ ДОНБАСТАҒЫ САЙЛАУҒА ПОЛИЦИЯ ЖІБЕРУІ МҮМКІН

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Донбаста жергілікті сайлау өткізер алдында сепаратистер бақылайтын ауданға полиция миссиясын жіберуді қарастырып жатыр. Бұл жөнінде ұйымның бас хатшысы Ламберто Занньер мәлімдеді.

(ЕҚЫҰ-ның Донбастағы бақылаушылары)

Оның сөзінше, жүз адамнан құралған қарулы күш миссия құрамына кіруі мүмкін. Қазір Украинаның шығысында ЕҚЫҰ бақылаушылары жұмыс істеп жатыр. Олардың бәрі ауданда бітім шартының сақталуын қадағалап жүрген қарусыз адамдар.

ЕҚЫҰ Украина президенті Петр Порошенко сұрағандай, миссия тек Донбастағы екі тарап келіскен жағдайда ғана өзгеруі мүмкін.

Киев Донбасқа қаруланған күшті жіберуді қолдайды, ал Мәскеу мен сепаратистер керісінше қарсы.

Украина билігі өздеріне бағынбайтын аймақтағы сайлау тек ЕҚЫҰ-ның халықаралық полицияциялық миссиясы қатысқан кезде ғана мүмкін екенін бірнеше рет айтқан. Олар сонымен бірге шиеленіскен аймақтан ресейлік әскерді шығарып, елдің шығыс шекарасын өздерінің бақылауына қайтаруды талап еткен.

Киев және Батыс елдері Мәскеуді Украинаның шығысындағы сепаратистерге көмектесіп келеді, ол жаққа қару-жарақ жеткізіп отыр деп айыптайды. Ресей болса бұл айыптаулардың бәрін жоққа шығарып, Украина бейбіт процесті тежеп келеді деп мәлімдейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1981
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2370
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1944
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1571