Бейсенбі, 13 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 101372. Жазылғандар — 76756. Қайтыс болғандар — 1269
Жаңалықтар 2615 0 пікір 1 Маусым, 2016 сағат 10:37

АСТАНАДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТІП ЖАТЫР

Астанада "Дін терроризмге қарсы" деген халықаралық конференция өтіп жатыр. Оған әлемнің 40 елінен ондаған делегат қатысуда.


Жиынды ашқан парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін оқыды. Әлемде терроризм аясы кеңейіп барады, радикалды топтар тұрақты түрде қаржыландырылып отыр деп мәлімдеді Тоқаев.

Спикер "адами өркениетті барынша нығайту" терроризм қаупіне "жалғыз жауап" болып табылатынын атап өтті.

Спикердің сөзінше, БАҚ және қоғам кез-келген діни алауыздықтың алдын алу үшін этикалық норма құрып, кеңінен насихаттау керек. Ол сонымен бірге "төтенше" кедейшілік, аштық және індеттің алдын алу үшін оларды түбірімен жою қажеттігін де айтты.

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір