Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2729 0 пікір 17 Тамыз, 2010 сағат 10:35

Шығыс Қазақстанда сырт дүниеден үзіліп қалған тайгадағы Қарагужиха аулына көпір салып жатыр

Өскемен. 17 тамыз. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстанның Глубоковское ауданында аттас ауылдың сырт дүниемен жыл бойына байланысын қамтамасыз етерлік көпір құрылысы басталды.

«Тайгадағы ауыл үшін аталған көпір жаңа туылғанмен бірдей. 15 жыл бұрын орман өнеркәсіптік шаруашылық қираған соң, Қарагужиха электр жарығынсыз, ал кейін тіпті көпірсіз қалды. Көктем мен күзде, Қарагужиха өзеніндегі су деңгейі көтерілгенде ауыл тұрғындары сырт дүниемен байланысы үзіліп қалатын. Қалған кезде сырт дүниемен адамдардың және көліктердің  су арқылы қатынасы күрделі болғаны себепті адамдар ауылды тастап кете бастады. Бір кездері ірі ауылда бар болғаны бірнеше отбасы ғана қалды.  Үш жыл бұрын ауылға электр жарығы тартылды. Ал биыл көпір құрылысына кірісті. Біз, бұл Қарагужиханы қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді деп есептейміз», - дейді әкімдіктегілер.

Глубоковское аудан әкімдігінен хабарлағандай, көпір - автокөліктерге арналған, үш жолақты, құрылыс ұзындығы - 45 метр, ені - 10 метр. Нысанның құны шамамен - Т380 млн, пайдалануға тапсыру мерзімі - қараша айы.

Мамандардың пікірінше, қарапайым инфрақұрылымды қалпына келтіру тайгалық өңірдегі туризмнің, мал, орман шаруашылығының дамуына серпін бермекші. Ауыл маңынан рафтингті жақсы көретендерге ұнайтын бірнеше өзен ағып өтеді, тайганың ірі массиві мен тау жайлаулары бар.

Қазір Қарагужихада тұратын халық саны жүзден аз.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624