Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Мәйекті 6568 0 пікір 7 Маусым, 2016 сағат 07:06

ТӨЛЕШОВ ҺӘМ ОНЫҢ СЫБАЙЛАСТАРЫ. ОЛАР КІМДЕР?

Кеше бірқатар бұрынғы және қазіргі лауазым иелеріне байланысты Жер реформасына қарсы заңсыз шерулерді қаржыландырды және билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген айып тағылды.  «Шымкент пиво» компаниясының бұрынғы қожайыны Тоқтар Төлешовпен сыбайластық құрып, мемлекеттік конституциялық құрылымға қауіп төндірді дегендердің қатарында ҚР Бас прокурорының бұрынғы бiрiншi орынбасары, ҚР Конституциялық кеңесiнiң бұрынғы мүшесi, екiншi сыныптағы әдiлет кеңесшiсi Iлияс Бақтыбаев та бар. Бұл туралы Абай-ақпарат bnews.kz/ сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тоқтар Төлешов елдегі ірі кәсіпкер. ОҚО «Шымкент пиво» компаниясының құрылтайшысы әрі қожайыны, «Шымкентстекло» шыны ыдыс өндірісімен айналысатын серіктестіктің директоры,  «Шымкент Pictures» деректі және көркем фильмдер өндірісімен айналысатын компанияның құрылтайшысы болған.

2007-2011 жылдар аралығында – Азия құрлықтық бокс федерациясының (FAAB) вице-президенті, Халықаралық бокс федерациясының (AIBA) комитет төрағасы, 2008 жылдан – Қазақстан Казак қоғамдық бірлестіктері бас атаманының Ресеймен, ТМД елдеріндегі орыс және казак ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымдармен одақтастық қатынастарды нығайту жөніндегі кеңесшісі; 2009 жылдан – «Қазақстанның орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі және өкілетті өкілі; 2009 жылдан – «Қазақстанның орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі және өкілетті өкілі; 2011 жылы «Шанышқылы» қоғамдық қорын құрған; 2012 жылы – «Қарқындылығы төмен лаңкестік қатерлер мен қақтығыстарға сараптама жасау орталығының» Орталық Азия бағытының директоры; 2014 жылдан – түрлі діни конфессиялардың өкілдеріне қолдау көрсететін «Ислам және әлем» аймақаралық қайырымдылық қорының вице-президенті...

Т.Төлешовтың осынша қоғамдық ұйымдар мен қорлар құрып жұмыс істеуі кімге керек? Осы және басқа да сауалдарға қатысты қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтарда Шымкентте тәртіп сақшылары ауқымды операция өткізіп, Тоқтар Төлешовты тұтқындаған болатын. Оған ҚР ҚК 266-шы, 297 баптары бойынша айып тағылған еді. Бүгін ҚР Бас прокуратурасы Т.Төлешов Жер реформасына қарсы заңсыз шерулер ұйымдастыру үшін оны қаржыландырды, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген айып тақты.

ҚР Бас прокуратурасы Т.Төлешовпен сыбайлас болды деген лауазымды қызметкерлердің де аты жөнін атады. Олардың қатарында ұзақ жылдар бойы заң саласында еңбек еткен, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары, ҚР Конституциялық кеңесiнiң бұрынғы мүшесi, екiншi сыныптағы әдiлет кеңесшiсi Iлияс Бақтыбаев та бар.

 

І.Бақтыбаев 1948 – Алматы облысында дүниеге келген.  Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Заң ғылымдларының кандитаты. Еңбек жолын орта мектептегі лаборанттық қызметтен бастаған. Прокурорлық карьерасын 1985 жылы Алматы қаласының Мәскеу ауданы прокурорының орынбасарынан бастаған. ҚР бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін екі рет 1996-1997 жж. және 2003-2008 жылдары атқарды. 2008 жылдың  наурыз айынан бастап – ҚР Конституциялық Кеңестің мүшесі.

Бүгін І.Бақтыбаевтың өзі ұзақ жылдар қызмет еткен Бас прокуратура оны  Тоқтар Төлешовтың сыйбайласы деген айыппен қамауға алғанын хабарлады.

Сонымен қатар өткен демалыс күндері ҚР ҰҚК қызметкерлерi Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Төлешовтың сыбайластары деген күдікпен ОҚО IIД бұрынғы басшысы, генерал-майор Ғибратолла Досқалиевті ұстады.

Досқалиев  Хибратулла Ермекұлы. Полиция генерал-майоры, заң ғылымдарының докторы, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.

Ол 1955 жылы 16-шы  тамызда  Астрахан  облысына қарасты  Затон Казымякск ауылында туған.

1995 жылы  қылмыстық істер бойынша  басқарма басшысының орынбасары қызметіне отырған. Кейінрек Маңғыстау облысының ІІД 4-ші бөлімін басқарды. Кейіннен Маңғыстау облысы ІІД басшысының орынбасары, артынша осы облыстағы ІІД-ді басқарды.

1995-1997 жылдар аралығында Қостанай облысы бойынша  Мемлекеттік тергеу комитеті басқармасын басқарды. 1997-1999 жылдары  Маңғыстау облысы  ІІД басқарды. 1999-2002 жылдары  ІІМ-не қарасты қоғамдық қауіпсіздікті сақтау әскери тергеу департаменті бастығының орынбасары болды.

2002-2012 жылдары  Қызылорда облысының ІІД басқарды. Артынша ОҚО ІІД басқарды. ҚР ІІМ көші-қон полициясы Комитетін басқарды. Үшінші дәрежелі «мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған. «ІІМ-де жақсы қызмет еткені үшін» марапатын алған. ІІМ  құрмет грамотасымен марапатталған.

Айтбеков Сәкен Әбілдаұлы. Заң саласы бойынша жоғары білімі бар. Қарағандыдағы ІІМ-не қарасты Бейсенов атындағы  заң институтының магистратурасын бітірген. КСРО кезінде қазақша күрес пен еркін күрестен спорт шебері атағын алған.

Сәкен Айтбеков өз қызметін Кентау қаласындағы ІІБ-де  қылмыстық іздестіру  инспекторы болып бастаған.  ОҚО ІІД-де ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес бөлімінде түрлі басқармаларды басқарған. Сарыағаш ауданына қарасты  А ІІД басқарған.  ОҚО-бойынша ІІД басқармасының  жекебас қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасын басқарды. 2013-2015 жылдары  ОҚО ІІД бастығының орынбасары болған. 2015 жылдан бастап тура осы орган басшысының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

Сондай-ақ, полковник Бекзат Жұмин және  Қайрат Пернебаевтар ұсталған. Олар  Қазақстан қарулы күштеріне қарасты «Юг» аймағы бойынша 35748 және 55652 пәрмендік әскери бөлімдерінде   командир болып қызмет еткен.

Бекзат Жумин. Оңтүстік әскери округі 35848 әскери бөлімінің командирі, полковник. Былтырғы қазан айында Қазақстанның құрлықтағы әскерінің дайындығын тексеру мақсатында экпресс-тест өтіп, сонда Жумин басқаратын әскери бөлім үздіктердің қатарында аталды.

Қайрат Пернебаев. ҚР Қорғаныс министрлігі «Шымкент» авиациалық базасының командирі, полковник. Үздік әскери ұшқыштардың бірі. Былтырғы 7 мамырда әуеде «70» санын жазған әскери ұшақтар тобының командирі.

Барлық көрсетілген азаматтар қазіргі кезде уақытша тергеу абақтысына жабылған. Олардың жеке басына қатысты бұлтартпау шарасы бойынша шешім қарастырылып жатыр.

АҚТӨБЕДЕГІ ЛАНКЕСТІКТІ ЖАСАҒАН КІМДЕР?

Ақтөбелік полицейлер қалада ойран салған содырлардың аты-жөндерін анықтады.

ІЗДЕУ САЛЫНҒАН КҮДІКТІЛЕР

Ақтөбе облысында 5 маусымдағы қанды оқиғаға қатысы бар 8 адамға іздеу жарияланды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин мәлімдеді.

Облыстық Ішкі істер департаменті төмендегі азаматтарға іздеу жариялайды:

Дмитрий Таңатаров – 1989 жылы туған, Ақтөбе қаласы

Арсен Таңатаров – 1990 жылы туған, Ақтөбе қаласының Қарғалы селолық округы

Айдос Жұбанов – 1985 жылы туған, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Михайловка ауылы

Бақыт Қуанышбаев –1983 жылы туған, Қызылорда облысының Сырдария ауданы

Нұрлан Сейілов – 1985 жылы туған, Ақмола облысының Есіл ауданы

Әлібек Ақпанбетов – 1989 жылы туған, Ақтөбе облысы

Айдар Башимов –1988 жылы туған, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы

Әлижан Пірмағанбетов –1975 жылы туған, Өзбекстанға қарасты Қарақалпақстан Республикасының Нүкіс қаласы.

Материалды ресми мәліметтер негізінде дайындаған Қ.Бірлікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1619
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1270
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1236