Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2787 2 пікір 7 Маусым, 2016 сағат 08:15

Ауғанстанда америкалық журналист Дэвид Джилки оққа ұшты

NRP мәліметінше, шабуыл жексенбі күні Марджа қаласына жақын жердегі Гильменд елді-мекенінде орын алған. Джилки мен оның аудармашысы Забиулла Таманн ауған әскерімен бірге кетіп бара жатқанда, атыстың ортасына тап болған. Джилкимен бірге америкалық радионың тағы да екі қызметкері болған. Бірақ олар зардап шекпеген.

Дэвид Джилки – Ауғанстан және Ирактағы ұрыс алаңдарынан хабар таратқан фотограф және видеоредактор. "Адам ретінде және фотожурналист ретінде Дэвид айналасына өте мейірімді әрі мұқият болатын", – деп еске алады NRP вице-президенті Майкл Орескес.

Дэвид Джилкидің жасы елуде. Ол Джордж Полк атындағы сыйлықтың және "Эмми" жүлдесінің иегері еді.

Журналистерді қорғау комитетінің мәліметінше, 2001 жылдан АҚШ-тың Ауғанстанда әскери операциясы басталғаннан бері ауған жерінде 26 журналист қаза тапқан.

Абай-ақпарат

2 пікір