Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 3912 0 пікір 15 Маусым, 2016 сағат 14:20

БІР АҢЫЗ

Ертеде Бағдат қаласында діндар бір тігінші бар еді. Бірде осы тігіншінің қолынан сатып алған матасының кемшілігін кейіннен байқаған алушы, матаны әкеліп, ақшасын қайтаруды талап етті.

Матаны алып тұрып, неге екенін, тігіншінің көңілі бұзылып, жылап қоя берді. «Сірә, ақшасын жаратып қойып, қиналып тұр ма екен» деп ойлаған алушы кеңшілік етуді жөн көріп: «Неге жыладың? Қиналсаң, ақшасын қайтармай-ақ қой» деді.

Сонда тігінші өзінің жылау мәнісін былай түсіндіріпті:

«Мен ақша үшін жыламадым. Матаның кемістігі білінгенде, жаратпай қайтып әкелдіңіз. Ал менің өмір бойғы жасаған құлшылықтарымда жіберген кемістігім Алланың алдында әшкере болып, барлығын жаратпай тастаса қайтпекпін? Сіз матаны әкелгенде ойыма осы түсіп, еріксіз қайғырып жыладым. Матаның кемдігін бүтіндеуге болар, ал өмірде жіберген кемшіліктерімізді қайтіп жөндерміз?!».

Мұрат Әлімбай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1391
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1218
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 966
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1052