Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 13356 0 пікір 15 Маусым, 2016 сағат 15:45

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ҚАЙДА ЖҮР?

Кеше жаздық, ҚР Ауылшаруашылық министрі Асқар Мырзахметов премьер-минситрдің орынбасары болып тағайындалды. Енді Асқар Исабекұлы премьердің орынбасарлығымен қатар, Президент пәрменімен құрылған Жер реформасы туралы комиссияның тізгінін ұстайтын болды. Бірінші вицепремьер Бақытжан Сағынтаев өзінің орнында қалды.  Ал, премьер-министрдің тағы бір орынбасары Дариға Назарбаева – соңғы уақытта БАҚ-тан да, басқа мінберлерден де көрінбей кетті. «Жер реформасы», «бейбіт шерулер», «Ақтөбедегі теракті» секілді оқиғаларға қатысты бірде-бір мәлімдеме жасамаған Дариға Нұрсұлтанқызы «вице премьерліктен босатылыпты» деген қауесет те жоқ емес.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтындағы (primeminister.kz) ақпараттар хронологиясына көз жүгіртсек, Дариға Нұрсұлтанқызының есімі ең соңғы рет 6-маусымда аталыпты. Үкіметтегі Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен жиын – мемлекеттік қызметтерге тұру тақырыбына арналған. Осыдан кейін Дариға Назарбаева ханым біраз уақыт көрінбей кеткен.

Сонымен Дариға Нұрсұлтанқызы қазір қайда жүр?

Астанадағы ауыс-түйістерге қатысты ақпараттардың рас-өтірігін білмек болып,  ҚР Премьер-министрінің кеңсесіне хабарласқан едік. Кеңсенің қабылдау бөліміндегі хатшы қыз: «Ол кісілер бар, қазір іс-сапарда жүр. Ол кісі бұл сұрақтарыңызға жауап бере алмаймын деді. Жалпы бұған Премьер-министрдің баспасөз қызметінен толық мағлұматтар ала аласыз. Ертең хабарласыңыз, міндетті түрде»,-деп жауап қайтарды.

Алдағы уақытта, Дариға Назарбаеваның қайда жүргендігі туралы премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәлімдемесін жариялайтын боламыз.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

 

 

 

 

0 пікір