Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3104 0 пікір 9 Шілде, 2010 сағат 09:11

Мемлекеттік тілді менсінбейтін мемлекеттік қызметкерлер.

Бүгін, Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттері арасындағы кедендік одақтың жұмыс істей бастағанына 9-шы күн. Өжеттік танытқан Павлодар кеден басқармасы Республикамыз бойынша алғашқылардың бірі болып, осы жаңашылдықты халыққа түсіндіру шарасын бастап кетті. Бірақ, кеденшілер бастаған жерінде сүрінді. Төмендегі шақырту Павлодар өңірінің барлық БАҚ-өкілдеріне жөнелтілді. Өздеріңіз куә болғандай, шақырту кілең  орыс тілінде терілген.

 

 

КОМИТЕТ ТАМОЖЕННОГО КОНТРОЛЯ МИНИСТЕРСТВА
ФИНАНСОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ДЕПАРТАМЕНТ ТАМОЖЕННОГО КОНТРОЛЯ
ПО ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ

 

№ 14-ООРК-1-10/ 36                                                                     08.07.10 г.

 

 

Руководителю
(по списку)

ТЕЛЕФОНОГРАММА

Бүгін, Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттері арасындағы кедендік одақтың жұмыс істей бастағанына 9-шы күн. Өжеттік танытқан Павлодар кеден басқармасы Республикамыз бойынша алғашқылардың бірі болып, осы жаңашылдықты халыққа түсіндіру шарасын бастап кетті. Бірақ, кеденшілер бастаған жерінде сүрінді. Төмендегі шақырту Павлодар өңірінің барлық БАҚ-өкілдеріне жөнелтілді. Өздеріңіз куә болғандай, шақырту кілең  орыс тілінде терілген.

 

 

КОМИТЕТ ТАМОЖЕННОГО КОНТРОЛЯ МИНИСТЕРСТВА
ФИНАНСОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ДЕПАРТАМЕНТ ТАМОЖЕННОГО КОНТРОЛЯ
ПО ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ

 

№ 14-ООРК-1-10/ 36                                                                     08.07.10 г.

 

 

Руководителю
(по списку)

ТЕЛЕФОНОГРАММА

Приглашаем Вашего представителя на пресс-конференцию по вопросу вступления Таможенного кодекса таможенного союза, которое состоится 09 июля 2010г. в 10.00 часов по адресу: г.Павлодар, ул.Толстого 98, ДТК по Павлодарской области.

 

Пресс-служба

ДТК по Павлодарской области

 

Исп. Нигматулина В.

8(7182) 61-56-76

 

Мұндай сорақылыққа түсіністікпен қараған қазақ тілді жазғыштар оқырман үшін қызықты мағлұмат табылып қалар деген оймен кеден басқармасына жетті. Баспасөз залының төрінде отырған өңшең қазақ кеденшілерді көргенімізде, көкейдегі сауалға жауап аламыз-деген, үміт үдейе түскені рас. Алайда, үмітіміз үш басшы кезек-кезегімен орыс тілінде сайрағанда үзілді. Мемлекет қызметкерлеріне мемлекеттік тілде сұрақ қойғанымызда: ИЗВИНИТЕ МЫ СЕГОДНЯ НЕ ГОТОВЫ ВАМ ОТВЕТИТЬ- деген, жауап алдық. Сонда, баспасөз мәслихаты тек «орыс тілді» тілшілерге арналған болып шықты ғой?...

Қазақ тілді көрермен мен оқырманға арналған ақпарат тағы орыс тілінен аударылып беріледі деген сөз - бұл.

Кім кінәлі? Ешкім... Өйткені білдей басқармада қазақ тілінде жауап беретін жалғыз маман «бәлкім» демалысқа кеткен болар.

«Кедендік одақ» тақырыбы өз жайында қалды. Ашуға булыққан «қазақ тілділер» басы салбырап редакциясына тарасты. Ал, сұрағанына жауап алған «орыс тілділер» бір-бірімен пікір алмасып әлек. Себебі, айтары бар. Орыс тілді әріптестеріме қарап тұрып, «біз осы кімбіз» деген сұраққа жауап іздеп көрдім.

Біз «заты қазақ, бірақ тілі орыс» шенеуніктердің сөзін қазақшаға тәржімелейтін «аудармашы-тілшіміз». Яғни, қазақ тілінде сөйлеуге тиісті қызметкердің жұмысын қоса атқаратын журналисттерміз, біз.

Ақ тер, көк тер болған кеденшілер келесі жолы қазақша сөйлейміз-деп уәде берді. Бұл орайда, кеден комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана мырзаға үндеу тастаймыз біз. Мемлекеттік маңызы бар ақпарат неге мемлекеттік тілде жария етілмейді?

Тілшілер қауымы орыс тілді ақпаратты неге аударуға тиісті?

Жауап беруіңізді өтінеміз, әріптес!

Павлодар облысының қазақ тілді БАҚ-өкілдерінің атынан Ғабит Бөкенбайұлы.

 

0 пікір