Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3119 0 пікір 9 Шілде, 2010 сағат 06:31

Қарағандыда үш жігіт ұялы байланыс терминалынан 200 мың теңгеден аса ақшаны ұрлап кетті

Қарағанды. 9 шілде. ҚазТАГ - Қарағандыда үш жігіт ұялы байланыс терминалынан ірі көлемдегі ақшаны ұрлап кетті, оның екеуі кәмелетке толмаған жасөпірім болып шықты, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полицияның хабарлауынша, түнде белгісіз біреулер қаланың орталығында орналасқан «Юбилейный» дүкенінің ішінде тұрған ұялы байланыс үшін төлем қабылдайтын екі терминалды бұзып, Т206 мың ақшаны алып кеткен. Жалпы шығын Т300 мыңды құрап отыр.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында үш жігітті қолға түсірді. Олардың біреуі - 23 жастағы жігіт қазіргі кезде уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, 17 жастағы екі бала ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

0 пікір