Сәрсенбі, 27 Қаңтар 2021
46 - сөз 2761 0 пікір 1 Шілде, 2016 сағат 10:26

ЖОҚШЫЛЫҚ

Жазушы Эмиль Золя туралы фильмнің басталуының өзі қызық. Суретші досы Поль Сезанн екеуі ескі пәтерде тұрып жатады. Жаңбыр жауғанда үй төбесі тесіліп, әбден мазалары кетеді. Үйдегі ескі-құсқы киіммен төбедегі тесікті бітеп, екеуі әбден шаршайды.

Есікті біреу қақса, пәтер ақысын сұрап келген үй иесі деп қорқып, Эмиль өтірік ауырып қалады. Әйгілі жазушылар секілді ол да жас кезінде жоқшылықтан қиналып, азаптанды: қарыз алу, қарызға бату. «Достоевский» фильмінде Достоевский де бауырынан қайта-қайта қиылып ақша сұрап тұрады ғой. Өмірде де солай болғаны рас. Талай ақшасын карта ойнап, ұттырды. Бодлердің анасынан қарыз сұрап, жылағандай жазған хаттары ше? Өзіміз жарымай жүріп, оның хатын оқып отырып, байғұс Бодлерді қатты аяйтынымызды қайтесіз?!

Бетховен досына мұңын шағып, жалынып, қарыз сұрап, хат жазып отырғанда, әрине, ғасырлар өткен соң, сол хаты аукцион­да миллиондаған долларға сатылатынын білген жоқ. Бетховеннің оқыған адамды еңіретіп жіберетін жоқшылық туралы хаты ХХІ ғасырдағы бір миллионердің «бет-бейнесіне» айналды. Ал бұл миллионер сол заманда Бетховенмен бір қалада өмір сүрсе, Бетховенді жарылқамас еді…

Аягүл Мантаева

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір