Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5411 0 пікір 4 Шілде, 2016 сағат 09:40

Салидат Қайырбекова қайтыс болды

Қазақстанның экс-Денсаулық сақтау министрі Салидат Кайырбекова дүние салды.

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Салидат Зекенқызы Қайырбекованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның жақын туыстарына қайғырып көңіл айтты.

Осының алдында хабарлағанымыздай, Салидат Зекенқызы Ұлттық нейрохирургиялық орталықта ем қабылдап жатқан болатын.

Салидат Қайырбекова Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі болып қызмет атқарған. Кейін жаңа құрылғын Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірінші вице-министрі болып тағайындалған. Ал 2015 жылдың қазан айынан бастап «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ын басқарды. 

 Абай-ақпарат

0 пікір