Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3236 0 пікір 5 Шілде, 2016 сағат 09:18

Сауд Арабиясында қатарынан бірнеше жарылыс болды

Оқиға болған орында түсірілген бейнежазбада бір көліктің өртеніп жатқаны көрінеді. Зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге түскен жоқ.

Бұның алдында Сауд Арабиясының шығысындағы Катиф қаласында екі жарылыс болған еді. Тағы бір жарылыс елдегі екінші ірі қала – Джеддадағы АҚШ консулдығының маңында тіркелді. Хабарларға қарағанда, дені шиіттер қоныстанған Катиф қаласындағы шабуылдардың бірін жанкешті лаңкес жасаған. Ол жарылғыш орнатылған көлікті жарып жіберген. Джедда қаласында жанкешті терроршы көлік тұрағында қауіпсіздік қызметінің өкілдеріне жақын маңда өзін жарып жіберген. Екі тәртіп сақшысы жеңіл жарақаттанды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар