Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3361 0 пікір 8 Шілде, 2010 сағат 11:26

Ақтөбеде машинистерге биіктігі 3 метрден асатын ескерткіш орнатылды

Астана. 8 шілде. ҚазТАГ - Ақтөбенің локомотив пайдалану депосында машинистерге биіктігі 3 метрден асатын ескерткіш ашылды, деп хабарлайды бейсенбі күні «Локомотив» АҚ («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) баспасөз қызметі.  

Ескерткіш қызмет киімін киіп, қолына арнайы сумка-жәшігін ұстаған машинист түрінде жасалған. Мүсін темір-бетоннан жасалып, қоламен қапталған, делінген хабарламада.

Ескерткіш орнату идеясын Ақтөбе локомотив депосының жұмыскерлері мен ардагерлер кеңесі ұсынған. Қазақстанның теміржол көлігінің тарихы дәл осы жерде - Ақтөбеде басталады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Локомотив машинистері теміржолшылар қатарының авангардын құрап отыр. Бұл - теміржол көлігіндегі басты тұлға және №1 мамандық», - деп мәлім етті «Локомотив» АҚ бірінші вице-президенті Қазезхан Жұматаев ескерткішті ашу рәсімінде.

0 пікір

Үздік материалдар