Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Қоғам 4851 0 пікір 22 Шілде, 2016 сағат 11:01

ДӘСТҮРЛІ ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ УНИВЕРСИЕТІН ҚҰРУ ҚАЖЕТ

Еліміздегі осы жылғы саяси келеңсіз жағдайлардың негізгі себептерінің бірі қазақ халқының рухани әлеміне шабуыл жасау, дәстүрлі мәдениетті табан асты етуге тырысу процестері.

Мемлекет құраушы ұлттың рухани табиғатын елемеу, дәстүрі мен салтына балта шабуға тырысу қандай мемлекет болмасын бақ-береке әкелмесі анық. Еліміздегі дін саласын сараптап көрелік. Соңғы кездері еліміздің Діни басқармасының үні әлсіреп бара жатқаны шындық. Бірақ, осы олқылық үшін дәстүрлі діндарларды кінәлау әбестік тәрізді. Таразаны тең қарастыратын болсақ, дін ағымдары арасында да лобби,өз мүдделерін "тықпалау" әдістері қалыптасқан. Осы "лобби" мәселесі бойынша біздің Ханафиттік ұстаным көш-керуен қалып қойған.

Мен өз басым, дін мәселесімен кәсіби айналаспасам да, сырт көз сараптама жасап, дін өкілдерімен оқтын-оқтын хабарласып жүремін. Соңғы кездері мынадай тенденция пайда болды, діни ұстанымы қазаққа жақын, Орта Азия, Қазақстанда діни сауат алған имамдар ҚМДБ-дан қуылып жатыр. Оның арғы жағында мүдделер тоғысы тұр. Қай бағыттың мүддесі екендігі бесенеден белгілі. Бұл да үлкен проблема.

Жоғары жақта басқа діни ағымдардың мүдделері "шегеленіп" тасталған деген пікір де жоқ емес, халық арасында. Осы сеңді қалай бұзуға болады? Бұл мәселені мемлекет, қоғам болып бірлесе шешу керек.

Менің ойымша, Дін мәселесін кешенді түрде шешетін уақыт жеткен тәрізді.

1. Дін Комитетінің құзырын кеңейтіп, қайтадан Агенттік құру қажет.

2. Елімізде дәстүрлі дін мәселесін кешенді оқытатын Орта Азиялық дәстүрлі Дін және мәдениет университетін құру қажет. Ол жерге дәстүрлі дін бағытындағы теолог, дін теоретиктерін, өз еліміздегі практиктерді жию қажет.

3. ҚМДБ-ның құзыретін арттыра отырып, қоғам мен дін институттарының арасындағы байланысты күшейту керек.

4. ҚМДБ-ның жанында Қоғамдық кеңес құрып, оның құрамына белгілі қоғам қайраткерлерін, саясаттанушы, әлеуметтанушыларды кіргізу маңызды.

5. Жер-жердегі мешіттердегі уағыздардың мән-жайын, мазмұнын жұртшылық болып сараптама, бақылау жасау қажет.

6. Мектепте, бала бақшаларда дәстүрлі дін негіздерін енгізу өзекті. Бұл өте маңызды, өйткені бала кезінен дәстүрлі исламның не екендігін білетін жеткіншек, басқа бағыттың елегіне түспейді.

7. Дін мен мәдениет егіз ұғым, қазақтың дәстүрлі мәдениетін елімізде төрге шығару тетіктерін жасау қажет.

Е. Саиров, саясаттанушы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1997
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2419
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1974
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1576