Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 5984 0 пікір 25 Шілде, 2016 сағат 15:22

ҚАЙДАҒЫ 300 ЖЫЛ ОРЫС ОТАРШЫЛДЫҒЫ?

(Хан ордасына орыстардан алым жинайтын басқақтар)

Бізде осылай сөйлеу әбден қалыптасып кетті. 
1-ден, қит етсе отар ел болғаныңды айтудың өзі дұрыс емес. Мақтанар зат па ол? Әрі бүгінгі кемшіліктің бәрін оған жауып ақтала алмаймыз. 
2-ден, 1991-ден артқа қарай жүрсек, 1691ж. орыстың қол астында болуымыз керек еді. Іс жүзінде 1822-ж. ғана хандық жүйе жойылды. Шын мәнінде отарлаушылық 1861 ж Ресейде крепостное право жойылған соң, Сібір мен қазақ жеріне шаруаларды қоныстыра бастаған (М.Әуезов "Абай жолында" соны көрсетіп кетті) кезден ғана етек жайды. Сонда кеңес кезеңін қосқанның өзінде 100 жылға зорға жетеді. 
3-ден, 1991-ж бергі кезеңнің қазақ санасына тигізген соққысы оған дейінгі кезеңнің бәрінен асып түседі. Азаттық алғамызға 25 жыл болды, ал, біз жерімізден, тілімізден, ұлтымыздан айрылып қалудың алдында тұрмыз. Жерден айрылып қалмау үшін жанталасып жатырмыз. Тілден айрылмау үшін күрес әлі алда тұр. Қытай ойшылының тілімен айтсақ, "бұрын бодан едік, кәзір бодан болғандардың боданымыз". Міне, нағыз бодандық! Ал, сіздер орыс отаршылдығын өсіре айтып қоймайсыздар...

0 пікір