Жексенбі, 22 Мамыр 2022
Жаңалықтар 3534 1 пікір 25 Ақпан, 2016 сағат 15:14

РЕСЕЙДІҢ ӘУЕ СОҚҚЫСЫ. ЗАРДАП ШЕККЕДЕР ТҮРІКТЕРДІҢ АУРУХАНАЛАРЫНА ЖЕТКІЗІЛУДЕ

Сириямен шекаралас түрік ауруханалары күн сайын Алеппо мен Аазозадағы әуе соққыларынан жараланған ондаған сириялықты қабылдап жатыр.

Түркияның оңтүстігіндегі Килис қалашығындағы ауруханаға бір күнде жараланған 90 сириялық жеткізілді деп хабарлайды аурухана дәрігері Узджан Демир. "Әр әуе соққысынан кейін өте көптеген жаралыларды әкеледі. Бір бомбаның жарылғанынан кем дегенде бес мыңдай адам жараланады. Біз әскери госпитальға айналып кеттік", -дейді Демир.

Газиянтеп қаласының мэрі Фатьмы Шахиннің сөздерінше, шекаралас аудандарда Ресейдің әуе соққысынан жараланғандар көбейген. "Ресей әуе шабуылының құрбандарының көбі — бейбіт тұрғындар. Соғыс үдеп кетті. Алайда, біз өзіміздің шекарамызды аша алмаймыз", - деп мәлімдеді Шахин ханым Орталық Азия жаңалықтары қызметіне.

Алдын Сирия президенті Башар Асад уақытша бітімнің шарттарын қабылдаған болатын. Бітімнің күші 27 ақпаннан бастап енуі тиіс. Алайда Дамаск үкіметтік күшге шабуыл жасаған жағдайда, әскери күшпен қарсы жауап беру құқығын өзіне қалдырған.

Абай-ақпарат

1 пікір